24.01.2007, 09:59 1672

Алматы полициясының автопаркі жаңа техникамен толықты

АЛМАТЫ. 24 қаңтар. Kazakhstan Today. Алматы полициясының автопаркі жаңа автокөліктер мен мотоциклдермен толықты, бұл жөнінде қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз хабарламасында көрсетілгендей, "қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов ішкі істер департаментінде алматылық полицейлерге алты "ГАЗель", 16 "Фольксваген" маркалы автокөліктің және "Ямаха" маркалы 24 мотоциклдің кілтін тапсырды".

Ақпарат бойынша, "ГАЗельдер" шұғыл жағдай туындаған кезде және заң бұзушылықтарды ескерту , алдын- алу шараларын ұйымдастыру барысында жылжымалы полиция пункті ретінде пайдаланылады. Автокөліктер "қылмыстық ақпарат базасы бар борт компьютерімен, радиобайланыспен және басқада қажетті құралдармен жабдықталған", дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Мотоциклдер Жапониядан келген маман нұсқаушының жетекшілігімен айрықша жүргізу курсынан өткен жол полициясы қызметкерлеріне беріледі. "Фольксваген" автокөліктері де жол полициясы қызметкерлерінің пайдалануына беріледі.

Сонымен қатар, полицейлердің жұмысының нәтижелі болуы үшін әкімшілік 20 стационарлық полиция бекеттерін алды, олар саябақтарда, скверлерде және адамдар көп жиналатын орындарда орнатылатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны