18.07.2007, 13:51 2888

Алматы тұрғынының көлікжайынан оқ-дәрілердің қоймасы табылды

АСТАНА. 18 шілде. Kazakhstan Today. Алматы тұрғынының көлікжайынан оқ-дәрілердің қоймасы табылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 16 шілдеде Иуэзов ауданында ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері қаланың 46 жастағы тұрғынын ұстады. "Алатау" гараждар кооперативтінің аумағында орналасқан оның көлікжайынан 7,62 мм-лік 32 оқ, 5,45 мм-лік 18 оқ, 9 мм-лік 5 оқ, артиллериялық снаряд, 500 г дәрі мен пулемет лентасы табылды", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны