31.05.2017, 16:58 9265

Алматыда 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына ескерткіш орнатылды

Бүгін Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Алматыда 1931 - 1933 жылдардағы ашаршылық құрбандары ескерткішініӊ ресми ашылу салтанаты болды. Аталған шараға репрессия мен ашаршылыққа ұшырағандардыӊ ұрпақтары, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, қала белсенділері мен жастар қатысты.

Алматы. 31 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Алматыда 1931 - 1933 жылдардағы ашаршылық құрбандары ескерткішініӊ ресми ашылу салтанаты болды. Аталған шараға репрессия мен ашаршылыққа ұшырағандардыӊ ұрпақтары, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, қала белсенділері мен жастар қатысты.

Алматы әкімі монументтіӊ Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ тікелей тапрысмасымен ашылып отырғанынын айтты. 1918- 1933 жылдар аралығында Қазақстанда түрлі деректер бойынша үш миллионнан астам адам опат болған, ал 1931-1933 жылдары 1 млн. 700 мыӊ адам қырылып кеткен. 1937-1938 жылдары 100 мыӊнан астам қазақстандық репрессияға ұшыраған.

"Бүгін Мемлекет басшысыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішті Алматыда да ашқалы отырмыз. Елбасыныӊ тікелей тапсырмасына сәйкес өткен жылы біз осы ескерткішті жасауға байқау жариялаған едік. Оған жалпы саны 21 жоба түсіп, көпшіліктіӊ, арнайы мамандардыӊ талқылауына ұсынылды. Астанадағы мемлекеттік комиссияныӊ ұйғарымымен жобалардыӊ ішінен баласын кеудесіне қысқан Ана бейнесі жеӊімпаз деп танылды. Ана - барша тіршіліктіӊ қайнар көзі, ұлттыӊ ұйтқысы, келешектіӊ кепілі. Ана қасіреті - ел қасіреті. Аштықтан бұратылған болашағын - өз сәбиін құшақтаған Ананыӊ қайғылы халі сол кезеӊде өмір мен өлімніӊ арасындағы қазақ халқыныӊ басынан кешкен талайлы тағдырын шынайы бейнелейтіндей. Ашылғалы отырған ескерткіш өскелеӊ ұрпақтыӊ жазықсыз шейіт болған ата-бабалар мен аналардыӊ рухына бас иіп, Тәуелсіздіктіӊ тәттілігін, азаттық пен бейбіт өмірдіӊ баға жетпес байлық екенін ұғына білетін киелі орын болсын деп тілейміз! Бұл ескерткіштіӊ мәні - өткендер рухына тағзым, ал, болашақ үшін - тағылым", - деді Б.Байбек.

1931-1933 жылдардағы аштық құрбандарыныӊ ескерткіші "Қарағайлы" саябағындағы Қабанбай батыр мен Наурызбай батыр көшелерініӊ қиылысына орналасқан. Қола мен граниттен жасалған, биіктігі 3 метр бұл ескерткішті сәулетшілер Қанат Бегулиев, Айдос Бүркітбаев және Дулат Үсенбаевтар жасады.

"Аштықтан бұратылған сәбиіне қорған бола алмаған Ана жүрегі қан жылайды. Баланыӊ көзі жұмулы, анасын құшақтауға тіпті әлі де жоқ. Ана табаныныӊ астында бос төӊкерілген қазан жатыр", - деп түсіндірді скульптура авторлары.

Қазақстан Республикасы Президентініӊ 1997 жылғы Жарлығы бойынша 31 мамыр репрессия құрбандарын Еске алу күні болып жарияланды. Астанада "Ашаршылық құрбандарына ескерткіш" монументі мен "АЛЖИР" мұражай кешені, ашылған, ал Алматы облысында ашаршылық құрбандары мен репрессияға ұшырағандарға монумент қойылған, еліміздіӊ барлық өӊірлерінде мұражайлар, ескерткіштер,мемориалды кешендер бар,- деп хабарлайды Алматы қаласы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны