22.10.2007, 19:48 2988

Алматыда 9 ай ішінде 348 көлікті айдап әкету дерегі тіркеліп, оның 177 табылған

Алматыда 9 ай ішінде 348 көлікті айдап әкету дерегі тіркеліп, оның 177 табылған

Алматы. 22-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда 9 ай ішінде 348 көлікті айдап әкету дерегі тіркеліп, оның 177 табылған. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Алматы қаласының ішкі істер департаментінің жол полиция басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің жол және криминалдық полициясы комитеттері 23 - 28-қазан аралығында көлікті айдап әкету және ұрлауға байланысты қылмыстардың алдын алу және ашудағы жедел ахуалды тұрақтандыруға бағытталған "Қақпан" атты жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізеді.

Полицейлердің хабарлауынша, бұл кезеңде алматының жол және криминалдық полиция бөлімшелері қала жолдарында қарақшылық шабуыл, тонау, ұрлық және автокөліктерді айдап әкету, қару-жарақтар, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғылардың контарабандасы мен оны тасымалдау деректерінің алдын алуға, анықтау және жолын кесуге бағытталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны