10.01.2008, 16:55 3082

Алматыда бір бойжеткен өзін ұрлап кетті деп өтірік сахналады

Алматыда бір бойжеткен өзін ұрлап кетті деп өтірік сахналады

Алматы. 10-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Алматының полицейлері бір бойжеткеннің өзін ұрлады деп жариялауына қатысты жалған бопсалаушылық дерегін ашты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Алматы қаласының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Полицейлердің ақпараттарына сүйенсек, бір апта бұрын "Жұлдыз" ықшамауданындағы үйлердің бірінде тұратын тұрғынының хабар-ошарсыз жоғалып кету туралы осы жоғалған азаматшаның күйеуі арызданған болатын. Осы күні түнде оның ұялы телефонына белгісіз біреу қоңырау шалып, оның әйелін ұрлап әкеткендігі туралы хабарлаған. Оның өмірі мен денсаулығы үшін олар 1 млн теңге талап еткен.

"Ақша бопсалаушылық туралы бізге артынша белгілі болды. Қоңырау шалынған телефонның номері мен оның иесі туралы мәліметтер анықталды",- деп хабарлады ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бастығы Валерий Козлов.

Оның айтуынша, бірнеше күн өткеннен кейін кездесу күні белгіленген. Олар ақшаны жол шетінде тұрған "Мицубиси" көлігінің ішіне тастап кетуді талап еткен. Олар ақысына әйелін дін аман қайтаратындықтары туралы уәде еткен. Ақшаны беру оқиғасы ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы қызметкерлерінің мұқият бақылауымен өткен.

"Талап етілген ақшаны алу үстінде бес жас жігіт ұсталған, олар кейінірек қылмыс жасау туралы бастаманы "құрбанның" өзі көтергендігін мойындаған. Ол өзінің қалталы күйеуінің - жеке кәсіпкерді пайдаланып, одан алдау жолымен ақша алмақ болған",- деп қосты полковник Козлов.

Белгілі болғандай, 3-қаңтарда 18-жасар қыз Талдықорған қаласынан келген өзінің бала кезіндегі досымен кездесіп қалған. Олар тағы да төрт досымен бірлесе отырып қыздың күйеуін алдау туралы ойға келген. Бопсалаушылықпен алынған ақшаны олар Қазақстанның астанасына барып, көңіл көтеруге жұмсамақ болып жоспарлаған.

В. Козловтың айтуынша, ұсталғандардың берген жауаптары қазіргі уақытта мұқият тексерілу үстінде. Бұл көріністің авторының кім екендігі алдын ала анықтау аяқталғаннан кейін белгілі болады. Ұсталған алтаудың үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 181-бабы бойынша (бопсалаушылық) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны