27.09.2006, 15:51 2938

Алматыда бүгінгі жағдаймен 771 еңбек мигранты заңдастырылды

АЛМАТЫ. 27-қыркүйек. Kazakhstan Today. Алматыда бүгінгі жағдаймен 771 еңбек мигранты заңдастырылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Жалпы заңдастыру шарасы басталғаннан бері ТМД азаматтарына 11 539 көші-қон карточкалары берілді.

Заңсыз мигранттарды заңдастыру шарасы аясында қалада "Гастарбайтер" операциясы өткізілді. Тәртіп сақшылары оның барысында Алматының бірқатар аудандарында төлқұжат тәртібін тексерді.

Үш күннің ішінде көші-қон заңнамасын бұзған мыңнан астам адам ұсталды. Олардың арасында Өзбекстан мен Тәжікстанның 185 азаматы бар. Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 143 адам қабылдап-таратқышқа тоғытылды. Елімізге келу ережелерін бұзғаны үшін 676 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 243 шетел азаматының елімізде болу мерзімі қысқартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны