28.09.2009, 13:47 1593

Алматыда екі жедел уәкіл есірткі сақтау дерегі бойынша ұсталды

Алматыда екі жедел уәкіл есірткі сақтау дерегі бойынша ұсталды

Астана. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда екі жедел уәкіл есірткі сақтау дерегі бойынша ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Алматы қаласы ІІД-нің Ішкі қауіпсіздік басқармасына Бостандық ауданы Ішкі істер басқармасының екі жедел уәкілі бір әйел адамнан жүйелі түрле героин сатып алатыны туралы жедел ақпарат келіп түсті. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ішкі қауіпсіздік және жеке құрам жөніндегі инспекция қызметкерлері 26 қыркүйекте жоғарыда аталған әйелдің үйінің жанында күдіктілерді ВАЗ 2107 маркалы қызметтік автокөлікте ұстады. Автомашинадағы орындықтардың арасында екі полиэтилен пакеті бар сіріңке қорабы табылды, онда шамамен 1 грамм (0,96 грамм) героин болған",- деді Қ.Жұманов.

Оның айтуынша, кеше ІІД-нің ішкі қауіпсіздік басқармасы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 259-бабының 3-бөлігі (аса ірі мөлшерде есірткі сақтау) бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Героиннің қандай мақсатта сатып алынғанын тергеу анықтайды. Сонымен қатар героин сатқан адамға қатысты да қылмыстық іс қозғалды",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны