09.01.2008, 12:12 1487

Алматыда есірткі тасушыдан 20 килограмм героин тәркіленді

Алматыда есірткі тасушыдан 20 килограмм героин тәркіленді

Алматы. 9 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Алматылық тәртіп сақшылары қаңтардың 7-сінен 8-іне қараған түні Тәжікстан азаматынан 20 килограмнан астам героин тәркіледі. Бұл туралы агенттік тілшісіне Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Есірткі тасушы түн ортасына таман Гагарин және Березовский көшелерінің қиылысында ұсталған. Күдіктінің қолындағы қытайда тігілген үлкен сөмкеден оперативтік қызметкерлер қою сары түсті ұнтақ зат салынған бірнеше дорба тапқан. Сот-химиялық сараптама есірткілік заттың жоғары сапалы героин екенін және жалпы салмағы 20 килограмнан асатынын анықтады", -деп хабарлайды ІІД.

Тәртіп сақшыларының ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта тұтқын жауап беруде. Ол тергеу абақтысына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 259 бабының 4 тармағы (есірткілік заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, ұқсату, жөнелту, өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Есірткі тасушыны ұстау шарасының жобасын жасау мен жүзеге асыруды алматылық тәтіп сақшылары мен Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің қызметкерлері бірлесе жүзеге асырды.

ІІД-нің мәліметінше, 2007 жылы Алматы қаласының тәртіп сақшылары есірткіге қатысты қылмыстар үшін бір жарым мыңдай қылмыстық іс, соның ішінде мыңнан астамы есірткілік зататрды сату деректері бойынша қозғаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны