09.12.2009, 16:57 3032

Алматыда Есірткіге бақылау жасау саласындағы өңірлік ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум тараптарының 8-ші кездесуі өтуде

Алматыда Есірткіге бақылау жасау саласындағы өңірлік ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум тараптарының 8-ші кездесуі өтуде

Алматы. 9 желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматыда Есірткіге бақылау жасау саласындағы өңірлік ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум тараптарының 8-ші кездесуі өтуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Есірткілік заттардың, психотроптық құралдардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымға түсуіне қарсы күрес жөніндегі Орталықазиялық аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығы (ОААҮО) 2 жылдың ішінде 16 операция жүргізді. Бұл туралы ОААҮО директоры Бексұлтан Сәрсекеев бүгін Алматыда орталық кеңсесінің салтанатты ашылу рәсімінде айтты.

"БҰҰ-ның бұл жобасы 2006 жылы басталып, ОААҮО өз қызметін 2007 жылғы қарашаның 1-інен жүзеге асыруда. Орталық кеңсесі Сыртқы істер министрлерінің 2006 жылы Ташкентте өткен соңғы жиналысында Қазақстан президентінің ұсынысымен Алматыда орналасты. Бұған дейін уақытша орында отырған едік. Бүгін өз ғимаратымыздың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Қазіргі таңда толық қуатымен жұмыс жасап жатқан орталық қызметі негізгі 2 бағытпен іске асуда. Бұл - қатысушы мемлекеттердегі есірткіге байланысты ахуал туралы ақпараттарды жинап, талдау. Сондай-ақ Ауғанстанның айналасында бірлескен операциялдар жүргізу. Бұған дейін 2008 жылдың қорытындысы сарапталып, 2009 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша материалдар құзырлы органдарға жіберілді", дейді Есірткілік заттардың, психотроптық құралдардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымға түсуіне қарсы күрес жөніндегі Орталықазиялық аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығының директоры Бексұлтан Сәрсекеев.

Оның айтуынша, орталық қызметкерлері осы уақытқа дейін 200 кг астам героинды заңсыз айналымнан алып, есірткі бизнесімен айналысатын 16 қылмыстық топты ұстады.

Орталық құру жөніндегі шешімді 2004 жылы Мәскеуде есірткілік және психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз өндірісі, айналымы мен оны тұтынуды қадағалау саласындағы аймақтық ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы 1996 жылдың 4 мамырындағы меморандумына қатысушы елдер (Изербайжан, Қазақстан , Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан) қабылдады. 2006 жылы басты құжаттар мақұлданып, қатысушы мемлекеттердің президенттерінің қол қоюына ұсынылды. Орталық Алматыда орналасатын болды.

Орталық Азия республикалары арқылы жыл сайын 100-120 тонна героин тасымалданады. 2008 жылы Ауғанстанда 7700 тонна апиын тектес есірткі өндірілген.

Есірткілік құралдар, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымымен күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік орталығын құру UNODC аясындағы ең ірі жоба болып табылады. Оның жалпы бюджеті $15,4 млн құрайды және ол 2011 жылға дейін есептелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны