29.01.2007, 18:57 2989

Алматыда Қазақстан мен Тәжікстанның арнаулы қызметтерінің басшылары екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

АСТАНА. 26-қаңтар. Kazakhstan Today. Алматыда Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Амангелді Шабдарбаев пен Тәжікстан Республикасының Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Хайриддин Абдурахимовтың кездесуі өтті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, арнаулы қызмет басшылары лаңкестікпен және экстремизммен, есірткінің заңсыз айналымымен күрес саласындағы екіжақты өзара ықпалдастықты жандандыруға, сонымен қатар жедел-техникалық ынтымақтастықты кеңейтуге қатысты нақты ұйымдастырушылық-практикалық іс-шараларды талқылады.

Сонымен қатар, мемлекет басшыларының келісімін жүзеге асыру аясында ҰҚК Искери институтында Тәжікстан Республикасының Шекарашылар жасағы үшін мамандар дайындау туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны