14.05.2014, 21:59 2928

Алматыда мемлекеттік этносаясат бойынша семинар өтуде

13 мамырда Алматы қаласында Достық үйінің ғимаратында "Мемлекеттік этносаясат: "Қазақстан - 2050" Стратегиясын жүзеге асыру аясындағы міндеттер, әдістеме, технологиялар" тақырыбындағы 3 күндік аймақтық семинар-тренинг өз жұмысын бастады.

Алматы. 14 мамыр. Kazakhstan today. 13 мамырда Алматы қаласында Достық үйінің ғимаратында "Мемлекеттік этносаясат: "Қазақстан - 2050" Стратегиясын жүзеге асыру аясындағы міндеттер, әдістеме, технологиялар" тақырыбындағы 3 күндік аймақтық семинар-тренинг өз жұмысын бастады.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен ұйымдастырып отыр.

Алматы қаласының этносаралық және конфессияаралық қатынастар мәселесімен айналысатын мемлекеттік қызметшілері - қала және аудан әкімдіктерінің аппарат жетекшілері, ішкі саясат басқармалары мен бөлімдерінің, жастар саясаты, дін істері, тілдерді дамыту, мәдениет басқармаларының басшылары мен мамандары, қалалық ҚХА хатшылығының жетекшісі мен мамандары, құқыққорғау органдарының, қала әкімі баспасөз қызметінің өкілдері; ҚХА ҒСТ, БАҚ, ЖОО өкілдері; этномәдени, діни, жастар ұйымдарының жетекшілері.

Семинардың мақсаты - Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан-2050" Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" Жолдауы аясында мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыру технологиялары бойынша тыңдаушылардың кәсіби білімі мен біліктілік деңгейін арттыру, деп Мемлекеттік басқару академиясынан хабарлады.

Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы республикалық, жергілікті және көшпелі семинар-тренингтерді 2012 жылдан бері өткізіп келеді.

Ағымдағы жылда мұндай семинарлар Астана, Көкшетау, Шымкент қалаларында өткізілмек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны