19.09.2011, 14:23 3412

Алматыда мемлекеттік органдар мен жеке компаниялардың мәліметтер базасын сатқан адам ұсталды

Алматыда жол полициясының деректер қорын заңсыз сатқан 32 жастағы ер кісі ұсталған.

Алматы. 19-қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда мемлекеттік органдар мен жеке компаниялардың мәліметтер базасын сатқан адам ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Интерфакс-Қазақстан ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Алматыда жол полициясының деректер қорын заңсыз сатқан 32 жастағы ер кісі ұсталған.

Белгілі болғандай күдікті сенбі күні қала базарларының бірінде ұсталған.

Ұсталған азаматтан жол полициясының деректер қоры жазылған DVD-дискілер тәркіленді.

Қазіргі кезде ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны