25.09.2017, 22:11 4542

Алматыда "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша екі тұрғын үй кешені салынады

Наурызбай ауданы Шұғыла ықшамауданындағы алғашқы үйлер 2017 жылдыӊ қазан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Алатау ауданындағы "Алмалы" тұрғын үй кешенініӊ құрылыс жұмыстары 2019 жылдыӊ алғашқы жартысында аяқталады деп көзделген.

Алматы. 25 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша екі тұрғын үй кешені салынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бұлар Наурызбай ауданында 14 тұрғын үй және Алатау ауданында "Алмалы" тұрғын үй кешенініӊ 8 тұрғын үйі болмақ. Жалпы алғанда екі жоба бойынша 994 және 557 пәтер бой көтереді, деп хабарлайды kn.kz ақпараттық қызметі Тұрғынүйқұрылысжинақбанкініӊ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кешендерді "Тимус Construction" ЖШС мен "Базис" АҚ ("Пасифик Групп" ЖШС) құрылыс компаниялары салады. Олар жобаларды қала тұрғындарыныӊ қолайлы және қауіпсіз тіршілігі үшін қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Наурызбай ауданы Шұғыла ықшамауданындағы алғашқы үйлер 2017 жылдыӊ қазан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Алатау ауданындағы "Алмалы" тұрғын үй кешенініӊ құрылыс жұмыстары 2019 жылдыӊ алғашқы жартысында аяқталады деп көзделген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны