16.04.2007, 13:06 2890

Алматыда Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғынынан "Байкал" тапаншасы мен оның оқтары тәркіленді

АЛМАТЫ. 16-сәуір. Kazakhstan Today. Алматыда Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғынынан "Байкал" тапаншасы мен оның оқтары тәркіленді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері Алматы қалалық ІІД-нің криминалдық полициясы бөлімімен бірлесіп Оңтүстік Қазақстан облысының бұрын істі болған бір азаматын ұстады. "Ол жалдап тұратын пәтердегі тінту кезінде тәртіп сақшылары 9 мм-лік "Байкал-442" тапаншасы мен оның 8 оғын тапты", деп хабарлайды баспасөз қызметі. "Ұсталғанның айтуынша, ол тапаншаны гараждардың маңынан даладан тауып алып, қауіпті олжаны үйіне тығып қоюға шешім қабылдаған", дейді тәртіп сақшылары.

Мәлім болғанындай, ұсталған жан бұрын екі кісіні бірдей өлтіргені үшін істі болып, заң алдына жауапқа тартылыпты. "Тәркіленген тапанша баллистикалық сараптамаға жіберіліп, ұсталғанға қатысты қаруды заңсыз сақтау және алып үру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны