07.02.2008, 18:37 2768

Алматыда полицейлер ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесінен әскери тапанша мен граната тәркіледі

Алматыда полицейлер ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесінен әскери тапанша мен граната тәркіледі

Алматы. 7-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда полицейлер ірі ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесінен әскери тапанша мен "РГД-5" гранатасын тәркіледі. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
"Ұйымдасқан қылмыстық топтардың бірінің белсенді мүшесіне мұқият бақылау қойылған болатын. Аталмыш азаматта тыйым салынған заттардың бар екендігі туралы жедел ақпарат алғаннан кейін бөлімше қызметкерлері арнайы шұғыл әрекет ету отрядының жауынгерлерімен бірлесе отырып оны ұстауға қатысты шара жүргізген, нәтижесінде біздің күдігіміз расталды",- деп хабарлады Алматы қаласының Ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы бастығының орынбасары Қанат Таймерденов.

Оның айтуынша, оның "Мерседес" көлігі Фурманов көшесінің бойындағы үйлердің бірінің ауласында ұсталған. Шетелдік көліктің иесі полицейлерге қарсылық көрсетіп үлгермеді, ал одан кейін жедел қызметкерлерге әскери қарулардың қайда жасырылғандығын өз еркімен көрсетіп берді.
Мұқият тінту нәтижесінде көлік ішінен 9 мм калибрдің бес оғымен оқталған шетелдік "PHTENT" тапаншасы мен "РГД-5" әскери гранатасы табылды. Ұсталған азамат полицейлерге қарулардың қалай және қайдан келгендігін туралы түсіндіре алмады. Тәркіленген заттар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 251-бабы бойынша қозғалған қылмыстық іске тіркеліп, баллистикалық сараптамаға жіберілді. Бұрын қарақшылық шабуыл, ұрлық және адам өлтіру қылмыстарын жасағаны үшін сотты болған қару иесі уақытша тергеу изоляторына қамалды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны