02.02.2011, 16:02 3446

Алматыда полиция қызметкерін өлтірді деген күдікті қолға түсті

Алматыда полиция қызметкерін өлтірді деген күдікті қолға түсті. Бұл туралы бүгін елордадағы баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 2 - ақпан. Kazakhstan Today - Алматыда полиция қызметкерін өлтірді деген күдікті қолға түсті. Бұл туралы бүгін елордадағы баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Алматының криминалдық полиция қызметкерлері полиция қызметкерін өлтіру қылмысын ашқан.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың желтоқсан айында Алматы қалалық ІІД қабылдау-тарату орнының 32 жастағы инспекторы пышақ жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген болатын.

"Кешенді арнайы іс-шаралардың нәтижесінде осы қылмысты жасаған 21 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды",- деп хабарлады ол.

"Сондай-ақ тергеу амалдары жүргізілуде", - деп нақтылап өтті ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны