30.07.2012, 12:08 3040

Алматыда полиция қызметкерін өлтірген қылмыскерлерді ұстау шарасы аяқталды

Бүгін, 2012 жылғы 30 шілдеде ішкі істер органдарының жедел бөлімшелері қылмыстық топ мүшелерінің "Ахсель кент" ықшам ауданындағы №37 үйдің пәтерлерінің бірінде жасырынғандығын анықтап, оларды оқшауландырды.

Астана. 30-шілде. Kazakhstan Today - Алматыда полиция қызметкерін өлтірген қылмыскерлерді ұстау шарасы аяқталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім етті.

Бұған дейін хабарланғандай, 2012 жылғы 28 шілдеде Алматы қаласының Бекмаханов көшесінде полиция қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасалған болатын.

Шабуыл салдарынан полиция аға лейтенанты Ержан Қайрақбаев сол жерде қаза тауып, ал полиция лейтенанты Ерназ Кожахметов басына оқ тиіп, жарақаттанып ауруханаға жатқызылған еді.

Оқиға болған жерден қылмыскерлер полицейлердің табельдік қаруларын (бір Калашников автоматы және бір Макаров жүйесінің тапаншасы) алып кеткендігі белгілі болды.

Осы оқиға бойынша сол күні ішкі істер органдарымен Қылмыстық кодекстің 96-бабы бойынша (кісі өлтіру) қылмыстық іс қозғалды.

Жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында қылмысқа қатысты күдіктілер анықталды. Олар бұрын ауыр қылмыстар жасағандары үшін сотты болған тұлғалар.

Сондай-ақ, олар жазаларын бір түзеу мекемесінде өтеп, бостандыққа шыққаннан кейін қарақшылық топ құрғандықтары анықталды.

Полиция қызметкерлеріне шабуыл жасалған күні аталған топ мүшелері оқиға болған жерге жақын маңда орналасқан тауар сақтау қоймасына қарақшылық шабуыл жасауды жоспарлаған.

Олардың қылмыстық жоспарларын жүзеге асыруға қаланың осы ауданында қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлері бөгет жасаған. Осылайша, қылмыскерлерден сезіктенген полицейлер олардың құжаттарын тексеріп, жеке бастарын анықтау туралы шешім қабылдайды. Алайда, қарақшылық топ мүшелері оларға қарсы оқ атқан.

Бүгін, 2012 жылғы 30 шілдеде ішкі істер органдарының жедел бөлімшелері қылмыстық топ мүшелерінің "Ахсель кент" ықшам ауданындағы №37 үйдің пәтерлерінің бірінде жасырынғандығын анықтап, оларды оқшауландырды.

Осы және жақын орналасқан үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерге жеткізілді. Қарулы қылмыскерлерді ұстау бойынша арнайы операция жүргізу кезінде олар берілуден бас тартып, арнайы бөлімше қызметкерлеріне қарай оқ ата бастады.

Қарсы атыспен барлық 6 қылмыскер жойылып, оқиға болған жерден атыс қару-жарақтары табылып, алынды.

Бейбіт тұрғындар және құқық қорғау органдарының қызмекерлері арасында қаза болғандар мен жәбірленушілер жоқ.

Оқиға болған жерде шұғыл тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны