12.05.2011, 19:20 3514

Алматыда полиция қызметкерлері мәжүбірлікпен жезөкшелікке тартылған оныншы сынып оқушысын босатты

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Алматы полицейлері бес айдан бері із-түзсіз жоғалғандар тізіміндегі 10-сынып оқушысын жыныстық мәжбүрліктен босатқан. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі мәлім етті.

Алматы. 12 - мамыр. Kazakhstan Today - Алматыда полиция қызметкерлері мәжүбірлікпен жезөкшелікке тартылған оныншы сынып оқушысын босатты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Алматы полицейлері бес айдан бері із-түзсіз жоғалғандар тізіміндегі 10-сынып оқушысын жыныстық мәжбүрліктен босатқан. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі мәлім етті.

Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданындағы орта мектептердің бірінің 10-сынып оқушысы - 16-жасар Айжан бес ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен. Ике-шешесі қайтыс болған Айжан, желтоқсан айының кешінде мектептен оралмаған қыз туралы полицияға хабарлаған көкесі мен әкпесінің бағуында болған.

"Жүргізілген жедел-іздестіру және тергеу іс-шарасының нәтижесінде болған жай айқындала бастады. Кәмелетке толмаған қыз бала қылмыскерлердің назарына Жаңа жыл мейрамы қарсаңында Алматыға құрбысына қонаққа келген кезде түскен. Теміржол вокзалы маңында такси ұстаған қызға рөлде жеңгетай отырған көлік тоқтаған. Танысуды сылтауратқан ер адам оқушы қыздың тағдыры туралы біліп алған соң, оған қаладан жақсы жұмыс ұсынған. Бірнеше сағат өткеннен кейін ол жас қызды жалға алынған пәтерге алдап алып келіп, өзінің сыбайласы - 36 жастағы азаматша М.-ға әкеліп берген",- деді бұл сұмдық іс жайында егжей-тегжейлі баяндаған Алматы қалалық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы, полиция полковнигі Валерий Козлов.

Содан бері Айжанға жезөкшелікпен айналысуға тура келген. Оның айтуынша, осы айлардың бәрі сұмдық айлар болған, жеңгетаймен бірге жалдамалы пәтерде тұрған, күн сайын жақын маңдағы қонақ үйге апарып, клиенттерге қызмет көрсетуге мәжбүрлеген. Осы уақыттардың бәрінде "жұмыс берушілер" Айжанға қорлық көрсетіп, бағынбаған жағдайда оны ұрып-соққан.

Бір күні тұтқын қыз батылдық танытып, болған жайт туралы клиенттерінің біріне айтып берген. Ол өз кезегінде бұл туралы полицияға хабарлаған және дәл сол күні кешке мектеп оқушысы аман-есен босатылды. Күдікті азаматша М. жәбірленушінің көрсеткендерін теріске шығара алмады және адамды заңсыз бас бостандығынан айырғанын мойындады. Еске сала кету керек, болашақта - осы қылмысқа қатысы бар басқа да адамдар қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалатын болады. Ал қыздың туыстарына біз оның босатылғаны туралы хабарладық", - деп сөзін түйіндеді полковник Козлов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны