07.08.2018, 17:15 8536

Алматыда "Сарыарқа" және "Достық" метро бекеттерініӊ құрылысы қашан аяқталатыны айтылды

"Құрылыс жұмыстарына келсек, жобалауға, авторлық қадағалауға, техникалық қадағалауға және құрылыс жұмыстарыныӊ өзіне 67 млрд теӊге бөлінген. Бүгінгі күнгі жағдаймен, 2015 және 2018 жылдар аралығында 25 млрд теӊге игерілді", - деді "Алматыметроқұрылыс" АҚ өндірістік техникалық департаментініӊ директоры Жәмилә Арысова

Алматы. 3 тамыз. Kazakhstan Today - Алматы метросыныӊ "Сарыарқа" және "Достық" бекеттерініӊ құрылысына 67 млрд теӊге бөлінген, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Құрылыс жұмыстарына келсек, жобалауға, авторлық қадағалауға, техникалық қадағалауға және құрылыс жұмыстарыныӊ өзіне 67 млрд теӊге бөлінген. Бүгінгі күнгі жағдаймен, 2015 және 2018 жылдар аралығында 25 млрд теӊге игерілді", - деді "Алматыметроқұрылыс" АҚ өндірістік техникалық департаментініӊ директоры Жәмилә Арысова Алматы қаласы Өӊірлік коммуникациялар қызметініӊ алаӊында өткен брифингте.

Оныӊ айтуынша, 2018 жылға 9 млрд теӊге бөлінген, оныӊ қазіргі жағдаймен 5 млрд теӊгесі игерілді.

"Қазір екінші іске қосу кешенініӊ құрылысы, "Сарыарқа" және "Достық" бекеттерініӊ құрылысы жүршізіліп жатыр. Нысандар 2021 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған", - деді ол.

"Метрополитен" КМК күрделі құрылыс қызметініӊ техникалық бөлімініӊ директоры Мақсат Сейтқұловтыӊ айтуынша, қазір ТЭН сатысындағы жобалық-сметалық құжаттама мен қорытындыға сәйкес, үшінші іске қосу кешеніне жұмсалатын шығындар көлемі 47,7 млрд теӊгені құрайды. Бұл - "Қалқаман" бекеті.

"Біз тек енді ғана мемлекеттік сараптаманыӊ қорытындысын алдық. Бұдан әрі басқа да қалған ілеспе қорындыларды алып, одан әрі бюджеттен қаражат сұрайтын боламыз", - деді ол.

Қазіргі таӊда екінші іске қосу кешенініӊ құрылысы жүргізілуде, метрополитенніӊ бірінші желісі екінші кезегініӊ екінші іске қосу кешенініӊ учаске трассасы Алтынсарин даӊғылынан Яссауи көшесіне дейін батыс бағытта Абай даӊғылы астында орналасқан. Аралық тоннельдер және пилон типті тереӊ төселген - Сарыарқа бекеті және төмен төселген - Достық бекеті екі бекеттен тұрады.

Екі жолтабанды есептегенде құрылыс ұзындығы - 3,08 км құрайды.

Екінші іске қосу кешенін пайдалануға бергеннен кейін метрополитен қызметтеріне сұраныстыӊ болжамды есептерініӊ қорытындылары бойынша күнделікті жолаушылардыӊ күтілетін саны 85 мыӊ адамнан асады. Ол метрополитенде жолаушылар тасымалын елеулі арттырады және Абай даӊғылын бірнеше мәртеге жеӊілдетеді.

Сарыарқа бекеті "Фэмили" паркініӊ жанында орналасқан, бекет қаланыӊ халық тығыз орналасқан елді мекендерініӊ бірін №3, 4, 5, 6, 7, 8, 12 шағын аудандарын қамтиды.

Екі жерасты вестибюлі және кіре берісі бар Достық бекеті Момышұлы көшесінен батысқа қарай жүріс бөлігініӊ астында Абай даӊғылыныӊ бойында орналасқан. Бекет Жетісу, Жетісу-2, Жетісу-4, Мамыр, Мамыр-5, Мамыр-7 шағын аудандарын қамтиды.

Алматы метрополитені құрылысыныӊ бірегейлігі аса күрделі геотехникалық факторлар кешенімен анықталады:

1. Солтүстік Тянь-Шаньныӊ күрделі аймақтық геодинамикасы;

Аумақтыӊ жоғары сейсмикалылығы MSK шкаласы бойынша 9-10 балл.

2. Тау аралық шұӊғыманы тәрізді еӊіс бедері бар бау бөктері.

3. Топырақ әртүрлі, беріктігі төмен, едәуір мөлшердегі қойтастардан жасалған малта тастар.

Сондай-ақ, Алматы метрополитенініӊ құрылысы кезінде заманауи технологияларды енгізу бойынша жоспарды жүзеге асыру мақсатында аралық тоннельдердіӊ ұӊғымасын "Herrenknecht AG" неміс компаниясыныӊ "Herrenknecht S-320" өнімділігіжоғары тоннель ұӊғымалық кешені (бұдан әрі ӨЖТК) орындайды.

"Herrenknecht AG" компаниясыныӊ ӨЖТК жоба және көлік құралдары қозғалысыныӊ үздіксіз және қауіпсіз пайдалану талаптарына, құрылыс конструкцияларыныӊ, апатсыздық құралдарыныӊ заманауи жүйелерініӊ және қала аумағын экологиялық қорғаудыӊ беріктігі, сенімділігі және төзімділігі талаптарына сәйкес функционалды міндеттерін қанағаттандыратын метрополитен аралық тоннельдерініӊ имараттарын қамтамасыз етті.

Тоннельдерді ұӊғылау қабылданған технологиясы жоспарда және профильде минимал ауытқуы бар щитті енгізуді қамтамасыз ететін заманауи компьютерлік навигациялық және басқару жүйелерінен тұрады. ӨЖТК интеграцияланған жабдықтары және жоғары дәлдіктегі шығыршықтан жасалған қаптаудыӊ әмбебап конструкциясын пайдалану Алматы метрополитені аралық тоннельдерініӊ тік, сондай-ақ қисық учаскелерінде сапасы жоғары тоннельдік қаптауды алуға мүмкіндік береді.

Сарыарқа бекетін уақтылы пайдалануға беру үшін заманауи жабдық және құрылыстыӊ жаӊа австриялық тоннель тәсілі (бұдан әрі- ЖАТТ) қолданылды.

ЖАТТ технологиясы дәстүрлі құрылыс әдістерімен және күндізгі бетініӊ минималды жауын-шашындарыменсалыстырғанда төмен төселген бекеттіӊ негізгі көтеруші құрылмаларын қысқа мерзімде тұрғызуға, сондай-ақ максималды түрде қауіпсіз етуге және үӊгушілердіӊ еӊбектерін механикаландыруға мүмкіндік береді.

2016 жылғы 24 қарашадағы "Сарыарқа" және "Достық" бекеттерініӊ интерьерін бекіту бойынша эскизді жобаларды қарастыру жөніндегі комиссия отырысыныӊ хаттамасында келесі жұмыстар жеӊімпаз болып белгіленді және әрі қарай жобалауға ұсынылды:

- "Сарыарқа" бекеті бойынша №2-нұсқа - жоба авторлары "Метропроект" ЖШС сәулетшілері М.П.Фролов және И.Л.Антонова.

Бекет интерьерлерініӊ сәулет-көркемдік безендіру кезіндегі негізгі идеясы- Сарыарқаныӊ кеӊ ауқымды сұлулығын және бірегейлігін көрсету.

Панно фоны көмескі жарығы бар мәрмәр оникстен жасалған.

Алматы метрополитенініӊ бірінші бөлігініӊ екінші кезегіндегі алғашқы желі 2015 жылдыӊ 18 сәуірінде пайдалануға берілді. "Алматыметроқұрылыс" АҚ қазіргі кезде екінші бөлік бойынша екінші кезектіӊ алғашқы желісініӊ құрылысын жүргізуде. Екінші кезектегі екінші іске қосу кешені Абай даӊғылыныӊ астымен өтетін екі бекетті желіні қамтиды. Жұмыс барысында жергілікті жер жағдайы, инженерлікИгеологиялық ерекшеліктері және қала құрылысы факторлары ескерілді. Күрежолдыӊ еӊ жоғарғы бағыты-34И,еӊкішісі-3И-ды құрады. "Сарыарқа" мен "Достық" атты желілер шығыстан батысқа қарай созылады. Алтынсарин даӊғылымен Өтеген батыр көшелері аралығындағы "Мәскеу" бекеті тоннеліндегі құрылыстыӊ басталуы, Момышұлы мен Яссауи көшелерініӊ аралығындағы аумақта екінші бөліктіӊ іске қосу кешені құрылысыныӊ тәмамдалуы.

Алматы метросы Қазақстандағы тұӊғыш, Орта Азиядағы Ташкенттен кейінгі екінші және ТМДИдағы он алтыншы метро болмақ.

2002 жылы метро құрылысы ірі инвестициялық жоба ретінде жарияланып, ҚР Президентініӊ бұйрығы бойынша Алматы қаласын өркендетудіӊ 2003И2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енгізілуі, қосымша қаржы бөлінуі метро құрылысшалары үшін бетбұрыс кезеӊ болды.Тұтас алғанда қаржыландыру көлемініӊ ұлғаюы құрылыс жұмыстарыныӊ көлемін арттыруға, жаӊа инновациялық технологияларды енгізуге мүмкіндік туғызды.

Алматы метросын салудағы еӊ бір күрмеуі қиын күрделі жағдай қаланыӊ жоғары сейсмикалық қауіпті аймақта орналасуына байланысты. Қала тоғыз балға дейінгі қуатты жер сілкінісі болуы мүмкін аймақта орналасқан. Сейсмикалық қауіпті аймақта құрылыс жүргізу үшін құрылыс технологиясыныӊ талаптары қатаӊ сақталуы тиіс.

Оныӊ сыртында метро құрылысы аумағындағы жерасты топырағыныӊ ерекшелігі айтарлықтай қиындықтар туғызды. Тіпті еӊ жаӊа, қуатты техниканыӊ өзімен жұмыс істеу оӊай болған жоқ. Осындай күрделі жұмыстарға жаӊа технологиялық әдістер мен құралИ жабдықтар қажет болды.Ұӊғылау жұмыстарына қуаты күшті алып қазба кешендері қолданылды.

"Бамтоннельстройдыӊ" констукторлық бюросы жапонныӊ "Като" экскаваторыныӊ негізінде арнаулы ұӊғылау кешенін құрастырып шығарды, ол қазу жұмысы мен тоннель төсемдерін орналастыруға, тоннельді көлденеӊінен түйістіруге арналған бүкіл қосалқы жұмыстардыӊ барлығын жасауға мүмкіндік берді.

2006 жылы метро құрылысшыларын "HerrenknehtAG" компаниясы Алматыныӊ жағдайында жұмыс істеуге қолайлы ТПМК механикалы кешенімен қамтамасыз етті. Бұл кешен метроныӊ ұӊғылау жұмыстарын жобаға сәйкес және пайдалану талабынан шығатындай жүргізуді, көліктердіӊ тоқтаусыз және қауіпсіз жүруін, құрылыс конструкцияларыныӊ мызғымастай берік болуын, экологиялық қорғанысын қамтамасыз етті.

"Алматыметроқұрылыс" АҚИныӊ мамандары метроныӊ бірінші бөлігін мерзімінде тапсыру үшін құрылыс жұмысына қазіргі заманғы құралИжабдықтар мен жаӊа технологиянықолданды.ТМД аумағында тұӊғыш рет жаӊа австриялық тоннель әдісі пилондық үлгідегі "Жібек жолы" бекетініӊ құрылысына қолданылды. Осы технология "Алмалы", "Абай", "Байқоӊыр", "М.Иуезов атындағы драма театры", сондайИақ "Сарыарқа" бекеттерінде де қолданылды.

Метро құрылысын салу ірі қала және заманауи мегаполистіӊ мұқтаждығымен байланысты туындады, бұл өз кезегінде қала өнеркәсібініӊ даму деӊгейі мен кадрлық әлеуетініӊ артқандығын көрсетеді.

Қазіргі қала құрылысыныӊ негізгі үрдісініӊ бірі - қала шаруашылығын тиімді дамыту үшін жерасты көлігін пайдалану. Мемлекет пен қала басшылығы тарапынан іске қосылған және салынып жатқан Алматы метросын дамытуға ұдайы көӊіл бөлініп келді - бұл қоғамдық көлікті жаӊартудыӊ белсенді үдерісін айғақтайды. Алматы қаласыныӊ әкімі Б.Байбектіӊ сөзіне жүгінсек: "Алматы метросыныӊ өзіндік тарихы бар. Оныӊ құрылысы сонау 80Ижылдарда басталса да, мемлекет басшысыныӊ тікелей қамқорлығыныӊ арқасында өмірге жолдама алуы Тәуелсіз Қазақстанда жүзеге асты.Тіпті дағдарыс жылдарында да жобаны қаржыландыру тоқтатылмады".

Шын мәнісінде, Алматы метрополитені - нағыз табандылықтыӊ үлгісі. Ирқашанда, кейде тіпті адам нанғысыз жағдайларда "Алматыметроқұрылыс" АҚИы ұжымы аянбай еӊбек етіп, абырой биігінен көрініп келеді. Экономикалық түйткілдер, өнеркәсіптік қиындықтар,жер бедерініӊ күрделілігі және басқа да қиындықтар - метро құрылысшылары бағындырған белестер. Абыройлы жетістіктер, жеӊістерменжүзеге асырылған жоспарлар, жарқын болашақ -осыныӊ барлығы еліміздегі алып құрылысты салуға қатысқан метро құрылысшыларыныӊ зор еӊбегі. Қазіргі заманғы қала құрылысында жерасты кеӊістігін шаруашылық мақсаттарға тиімді пайдалану жайы маӊызды мәнге ие болып отыр.

Алматы метрополитені экологиялық тиімді әрі қауіпсіз көлік түріне айналуы тиіс. Алматыныӊ көлік қатынасы жағдайын дамыту тек метро мәселесін шешу арқылы жүзеге аспақ. Соӊғы жылдары күнненИкүнге көбейіп келе жатқан автокөліктер жолдардағы жағдайды қиындатуда. Көлік кептелістерініӊ зардабын қала тұрғындары шегіп отыр. Зерттеу көрсеткеніндей, Алматы жолдарында автокөліктердіӊ, қоғамдық көліктердіӊ жылдамдығы төмен, қоршаған орта ластанған, көшедегі шуыл шамадан тыс жоғары. Осы тығырықтан шығудыӊ бірденИбір жолы қала метросына келіп тірелді.

Алматыметроқұрылыс" АҚ тиесілі:

o Ірі жерасты құрылысы, теміржол мен автокөлік тоннельдерін жобалау, салу бойынша кәсіби біліктілігі жоғары тәжірибелі мамандар;

o Шағын тоннель салу әдісімен инженерлік коммуникацияларды шығару:

o Жер асты кеӊістігін кешенді игеру мен пайдалану бойынша әлеуеті мол техникалық мүмкіндіктер,жер асты көлік құрылыстары,жаяу жүргіншілерге арналған өткелдер.

"Алматыметроқұрылыс" АҚИы қала мен еліміз үшін маӊызды метро құрылысын жүзеге асыру үшін тиісті өндірістік база мен жоғары білікті мамандармен жұмыс жасайды.

Еске сала кетейік, Алматы метрополитенініӊ бірінші желісініӊ бірінші кезегі 2011 жылдыӊ 1 желтоқсанында пайдалануға берілді. Аталған учаскеніӊ жалпы ұзындығы 8,56 км құрайды. Оған жеті бекет кіреді: "Райымбек батыр", "Жібек жолы", "Алмалы", "Абай", "Байқоӊыр", "Иуезов атындағы драма театр" және "Алатау".

Алматы көлік құрылымын жетілдірудіӊ негізгі мақсаттарына жету үшін тарихи орталықты қаланыӊ тыныш және өнеркәсіптік аудандарымен көлік байланысын сенімді қамтамасыз етуге тиіс метрополитенніӊ бірінші желісін батыс және солтүстік бағыттарда әрі қарай дамыту туралы шешім қабылданды.

2015 жылы "Алматы қ.метрополитенініӊ бірінші желісініӊ екінші кезегі" ТЭН әзірленді, 2015 жылғы 30 қаӊтардағы №02-0033/15 мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды және 2015 жылғы 10 ақпандағы №37-ПИР ҚІК бұйрығымен бекітілді.

Сонымен бірге батыс бағытта келесі іске қосу кешендері қарастырылған:

Бірінші - Алатау бекетінен Мәскеу бекетіне дейін; (пайдалануға берілді)

Екінші - Мәскеу бекетінен Достық бекетіне дейін; (құрылыс жүргізілуде)

Үшінші - Достық бекетінен Қалқаман бекетіне дейін; (жобалау жүргізілуде)

Созу - Автовокзал "Западный" бекеті. Үшінші кезек

2015 жылдыӊ 18 сәуірінде метрополитенніӊ бірінші желісі екінші кезегініӊ бірінші іске қосу кешені "Сайран"және "Мәскеу" бекеттері пайдалануға берілді. Аралық тоннель ұзындығы 2,73 км құрады және жалпы ұзындығы 11,2 км тұрады.

Пайдалануға берілгеннен кейін жолаушылар ағыны екі есеге 40-45 мыӊ адамға дейін артты, ол өз кезегінде метрополитенге қосымша қуат берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны