08.01.2008, 14:43 3059

Алматыда "телефон террорисі" ұсталды

Алматыда "телефон террорисі" ұсталды

Алматы. 8 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда рождество тойы тойланатын түні "телефон террорисі" ұсталды. Бұл туралы агенттікке Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, түнгі он бір сағат шамасында телефон қоңырауы шалынып, оларға Райымбек даңғылының бойындағы бір дүкенге жарылғыш зат орнатылғанын туралы хабар келіп түскен. Оперативтік басқару орталығы қызметкерлерінің айтуынша, осынау суыт хабарды мас күйіндегі ер адам жеткізгені байқалған.

"Тәртіп сақшылары құпия телефон қоңырауы шалынған таксофон аппаратын санаулы секундтарда анықтаған. Телефон аталған дүкеннің сауда залында орнатылыпты. Бұзақы тіпті полицияға сатушының жанында тұрып телефон шалған, осыдан кейін көшеге қашып шыққан сатушы сол маңда кезекшілік жасап жүрген жаяу жасақ мүшесінен көмек сұраған", - деп хабарладйы баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары күдіктіні ұстауға шара қолданып, әріқарайғы тексерулер үшін оны аудандық ішкі істер басқармасына жеткізді.

Осы уақытта дүкенге құтқарушылар да келіп жетті. Арнаулы машықтандырылған иісшіл ит дүкеннің әрбір бұрышына дейін мұқият тексеріп шыққан. Тексеру бір сағаттан астам уақыт созылып, жарылғыш зат туралы ақпарат расталмады.

"19 жастағы жасөспірімнің телефон террорисі екені анықталды. Сұрақ-жауап кезінде жігіт өзінің бұл "қасаң әзілі" өзіне тиісті деңгейде қызмет көрсетпеген сатушыдан есе қайыру үшін жасалған әрекет екенін мойындады. Оның мастығы соттағы тағдырын қиындата түспек", - деп хабарлайды баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны