28.04.2018, 13:29 6234

Алматыда ТМД-ға мүше-мемлекеттердіӊ көші-қон органдары басшылары кеӊесініӊ 22 отырысы өтті

Алматыда ағымдағы жылғы 27 сәуірде Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы елдердіӊ көші-қон органдары басшылары кеӊесініӊ 22 отырысы өткізілді

Алматы. 27 сәуір. KazakhstanToday - Алматыда ағымдағы жылғы 27 сәуірде Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы елдердіӊ көші-қон органдары басшылары кеӊесініӊ 22 отырысы өткізілді.

Отырысқа Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы елдердіӊ көші-қон органдары басшылары кеӊесініӊ өкілдері қатысты. Бұл өкілдер Изербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінен келді.

Ішкі істер министрініӊ орынбасары, полиция генерал-майоры Ерлан Тургумбаев бастаған қазақстандық делегация да шараға белсенді қатысты.

Отырыс барысында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердегі көші-қон жағдайы, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердіӊ заӊсыз көші-қонға қарсы күрес бойынша 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасыныӊ орындалу барысы, көші-қон саласындағы үлгілік заӊ актілерін әзірлеу және болашақта үлгілік заӊнамаларды жетілдіру, сондай-ақ көші-қон саласындағы ұлттық заӊнамаларды және ТМД-ға қатысушы елдер көші-қон органдарыныӊ құқық қолдану тәжіріибесіндегі өзгерістер туралы мәселелер талқыланды.

Отырыстыӊ соӊында Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы елдердіӊ көші-қон органдары басшылары кеӊесініӊ Заӊсыз көшін-қонға қарсы күрес бойынша тараптардыӊ одан әрі ынтымақтастығы туралы хаттамалық шешіміне қол қойылды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны