08.07.2014, 21:01 2765

Алматыда төтенше жағдайларды алдын-алу бойынша халықаралық курстар ашылды

Алматыда "Республикалық азаматтық қорғау оқу-әдістемелік орталығы" ЖШС негізінде химиялық, биологиялық, радиологиялық және ядролық (ХБРЯ) апаттарды алдын-алу бойынша халықаралық курстар ашылды, деп ҚР Төтенше жағдай министрлігінен хабарлады.

Алматы. 8 шілде. Kazakhstan today. Алматыда "Республикалық азаматтық қорғау оқу-әдістемелік орталығы" ЖШС негізінде химиялық, биологиялық, радиологиялық және ядролық (ХБРЯ) апаттарды алдын-алу бойынша халықаралық курстар ашылды, деп ҚР Төтенше жағдай министрлігінен хабарлады.

Ведомстводан хабарлағандай, осындай халықаралық курстар Германия, Чехия, Болгария, Литва елдерінде ашылған.

"Алматылық халықаралық курстың ерекшелігі ол орыс тілінде өтіп жатыр. Курсқа қатысушылар Болгария, Чехия, Украина, Грузия, Изірбайжан, Беларусия, Армения, Молдова, Қазақстан мемлекеттерінің өкілдері", - делінген хабарламада.

Шараның негізгі мақсаты ХБРЯ бойынша халықаралық білім беру бағдарламасын зерттеу, аталмыш саладағы теориялық және тәжірибелік білімді беру, мамандарды әр елдің өз ерекшеліктеріне сәйкес даярлау, мемлекеттер арасындағы байланысты арттыру және жоғарғы деңгейге көтеру.

Айта кетерлік жайт, халықаралық курстар 2013 жылдың 15 қарашасында ҚР ТЖМ мен НАТО-ның Азаматтық қорғау тобы арасында қол қойылған меморандум шеңберінде жүзеге асырылуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны