14.02.2018, 12:56 6064

Алматыда тұӊғыш IT-DAY конференция өтті

Алматыда "Мемлекеттіӊ бизнесті қолдау шаралары мен бизнес-процестерді автоматтандырудыӊ цифрлы трансформациясы" деп аталатын тұӊғыш IT-DAY конференция өтті

Алматы. 14 ақпан. Kazakhstan Today - Алматыда "Мемлекеттіӊ бизнесті қолдау шаралары мен бизнес-процестерді автоматтандырудыӊ цифрлы трансформациясы" деп аталатын тұӊғыш IT-DAY конференция өтті. Шара аясында "Даму" Қоры шағын және орта бизнесті мемлекет тарапынан қолдау шараларын автоматтандыру нәтижелерімен бөлісіп, болашағын талқылады.

"Даму" Қоры өзініӊ қаржылық бағдарламаларымен кәсіпкерлерді неғұрлым көптеп қамтуды көздеп, нәтижесінде өткен жылы Digital Damu қаржылық супермаркетініӊ бірінші кезеӊі жүзеге асқан болатын. Digital Damu платформасыныӊ ыӊғайлы құрылымы оӊтайлы даму бағдарламасын таӊдап, арнайы порталда кәсіпкердіӊ өзіне керекті сала бойынша қызмет түрін пайдалануына мүмкіндік береді.

"Былтырдан бері біз Қордыӊ барлық өнімдерін автоматтандыруды мақсат етіп, осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Автоматтандыру клиенттермен тиімді жұмыс істеп, олардыӊ бізге алғаш хабарласқан уақытынан бастап, қаржыға қолы жеткенге дейінгі аралықтағы барлық әрекеттерін қадағалап отыруға мүмкіндік береді. Былтыр қыркүйек айында CRM жүйесі бойынша Digital Damu платформасы енгізіліп, қаржылай және бейқаржылай қызмет көрсету бойынша ішкі бизнес-процестер автоматтандырылды. Соныӊ арқасында 2017 жылдыӊ бірінші тоқсанымен салыстырғанда қолдау алған жобалар саны 4 есеге артты. Яғни, мемлекеттік қолдау құралдары жайлы кеӊес алған клиенттер саны соӊғы 4 ай ішінде 45%-ға артты. Қор ұсынатын өнімдер қатары өте көп. Клиенттер кейде өзіне не керек екенін білмей жатады. Осындай жағдайда Қорға келген клиенттіӊ жеке мәліметтері Digital Damu жүйесіне енгізіледі де, "Өнім таӊдаушы" опциясы және кәсіпкерге қойылатын сұрақтар мен бағдарламаныӊ көмегімен әр клиентке қаржылық құрал жеке таӊдалады", - деді "Даму" Қорыныӊ Басқарма төрағасы Абай Сарқұлов.

2018 жылға жоспарланып отырған цифрлы форматқа көшудіӊ екінші кезеӊі бірнеше бағыттан тұрады. Олар: әріптес-банктермен бірлесе отырып өз-өзіне қызмет көрсетуге жайлы жағдай жасау. Бұл - өтінімніӊ әр кезеӊін қадағалай отырып, процеске қатысушымен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Екіншісі - қысқа мерзім ішінде қайсысы несиелендіре алатынын білу мақсатында өтінімін бір мезетте бірнеше әріптес банкке беру мүмкіндігі. Осыныӊ арқасында қаржылық институттар арасында ашық бәсекеге жол ашылады.

Компанияныӊ ішкі бизнес-процестерін автоматтандыру да жұмыстыӊ маӊызды бөлігі болып саналады. Бұл жекелеген құрылымдар арасындағы шартты мақұлдаудан бастап ішкі қаржылық есептілікке дейінгі өзара әрекеттестік мәселелерін тиімді шешуге сеп болады. Оныӊ нәтижесінде еӊбек өнімділігі артып, стратегиялық басқару барысында адам мен қаржы ресурстары үнемделеді.

Қор ішкі және сыртқы процестерді авторматтандыруды қарқынды енгізуде. Осы мақсатта Paper-Free жүйесін (электронды құжат айналымы жүйесі) пайдаланып отыр. Бұл жүйе "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасында өте маӊызды бағыт ретінде бекітілген. 2017 жылдыӊ 4 тоқсанында "Даму" Қорыныӊ алқа органдарыныӊ жұмысы автоматтандырылды. Ол жерде қағаз түріндегі құжат айналымы толық жойылып, нәтижесінде хаттамалар мен хаттамалардыӊ көшірмелерін жасау уақыты қысқарып, алқа органдардыӊ тапсырмаларыныӊ орындалу барысын автоматты түрде бақылауға мүмкіндік туды. Сонымен қатар, кадрлық құжат айналымы да автоматтандырылып, процесс 60%-ға оӊтайланды. Оныӊ ішінде құжаттарды сүйемелдеуде қызметкерлердіӊ жұмыс уақыты азайып, жұмыскердіӊ құжат ұсынуынан бастап, жұмыс берушініӊ актісіне дейінгі аралық мерзімі қысқарды.

Электронды құжат айналымын автоматтандыру барысында электронды құжаттарға бұрыштама соғып, мақұлдау кезеӊінде электронды-цифрлы қол қою үлгісі пайдаланылады. Ал дайындалатын құжат түрлері электронды құжаттар айналымын реттейтін құқықтық-нормативті актілерге сай. Мұнымен қатар, электронды құжат айналымы 2018 жылы ішкі құжаттамаға да енгізіліп, шаруашылық және субсидиялау туралы үш жақты шарттарға да қолданылады.

Болашақ жұмыстыӊ негізгі бағыттары сөз қозғағанда, электронды архив құру жобасыныӊ да жүзеге асу алдында тұрғанын айта кетуіміз керек. Ол қағазбастылықты азайтып, "Даму" Қорыныӊ құрылымдық бөлімшелері мен аймақтық филиал жұмысыныӊ тиімділігін арттыра отырып, Қор жұмысына қажетті құжаттардыӊ сақталып тұруына мүмкіндік береді.

Шара IT-саласы мекемелері мен Қазақстан банктері өкілдерініӊ қатысуымен, цифрлы технологияларды енгізу арқылы Қор бағдарламалары бойынша қаржылық қолдау алған кәсіпкерлерді молынан қамтуды көздейтін жемісті кейстерді талдай отырып, пікір таластыру түрінде өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны