20.01.2011, 13:42 3973

Алматыда Түркия азаматына жасалған қарақшылық шабуыл ашылды

Алматыда Түркия азаматына жасалған қарақшылық шабуыл ашылды. Бұл туралы бүгін журналистермен болған апталық брифингте Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 20 - қаңтар. Kazakhstan Today - Алматыда Түркия азаматына жасалған қарақшылық шабуыл ашылды. Бұл туралы бүгін журналистермен болған апталық брифингте Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Алматылық полицейлер Түркияның 40 жасар азаматына жасалған шабуылдық әрекеттің бетін ашты",- деп хабарлады Қ. Жұманов.

Оның айтуынша, аталмыш қылмыс Алматыда желтоқсан айының соңында жасалған. Полиция қызметкерлерінің киімін киген белгісіз үш адам құжаттарын тексереміз деген желеумен зардап шегуші азаматты дәмханалардың бірінің алдынан тоқтатып, тапаншамен қорқытып, көлікпен Алматы облысының сыртына алып шыққан. Олар Түркия азаматынан 10 мың доллар мен 300 мың теңгені алған соң іздерін жасырған.

Жүргізілген жедел шаралардың нәтижесінде аталмыш әрекетке кінәлі деген күдікпен Алматының үш тұрғыны ұсталып, олардан полиция киімдері мен тартып алынған ақшаның біраз бөлігі қайтарып алынды. Ұсталған азаматтар қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ тергеу амалдары жүргізілуде",- деп хабарлады Қ. Жұманов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны