27.04.2012, 14:01 3641

Алматыда уақытша әкелінген шетелдік көліктерді заңсыз пайдалану фактілерін анықтау жалғастырылады

Кеден органдары жол полициясы бөлімшелерімен бірлесіп өткізген жедел шаралардың нәтижесі бойынша Қазақстан аумағына шетелдік автокөлік құралдарын заңсыз әкелу және пайдаланудың бірқатар фактілері анықталды.

Алматы. 27-сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Кедендік бақылау департаменті Алматы қаласы аумағында, оның ішінде Қырғыз Республикасынан уақытша әкелінген шетелдік автокөлік құралдарын заңсыз пайдалану фактілерін анықтау бойынша жедел

шараларды жалғастыратыны туралы мәлімдеме таратты. , деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, кеден органдары жол полициясы бөлімшелерімен бірлесіп өткізген жедел шаралардың нәтижесі бойынша Қазақстан аумағына шетелдік автокөлік құралдарын заңсыз әкелу және пайдаланудың бірқатар фактілері анықталды.

Кедендік бақылау комитеті оларды шекарадан өткізу жағдайлары және өткізу пунктеріндегі кеден органдары лауазымды тұлғаларының әрекетінің заңдылығына тексеру жүргізген. Оның нәтижесі бойынша қызметтік міндеттерін тиісті дәрежеде орындамаған тұлғалар, Қазақ-Қырғыз шекарасындағы "Қордай" кеденінің бірқатар қызметкерлері жұмыстан босатылды. Департаменттің баспасөз қызметі жүргізушілерге кеден органдарының қызметкерлері тарапынан заңға қайшы келетін талаптар қойылған жағдайда хабарлау үшін Ішкі қауіпсіздік басқармасы (279-04-71) мен тәулік бойы жедел-кезекшілік қызмет бөлімінің (279-35-40) сенім телефондарын ұсынып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны