05.06.2009, 12:19 1545

Алматыда ҰБТ барысында мардымсыз тәртіп бұзушылықтар тіркелді - ҰҚКД

Алматыда ҰБТ барысында мардымсыз тәртіп бұзушылықтар тіркелді - ҰҚКД

Алматы. 5 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда ҰБТ барысында мардымсыз тәртіп бұзушылықтар тіркелді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҰҚК-нің Алматы қалалық департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, маусымның 4 мен 7 аралығында өтетін ҰБТ-ге Алматыдағы орта мектептерді бітірген 6980 түлек қатысады.

"ҰҚКД мен ішкі істер органдары бірлесе қолданған шаралардың нәтижесінде тестілеу технологиясын бұзудың түрлі мардымсыз деректерін анықтауға мүмкіндік берді. Атап айтсақ, ҰБТ өтіп жатқан ғимаратқа ұялы телефон алып өтуге жасалған 3 талпыныс, бөтен адамды емтиханға енгізуге жасалған 1 әрекет әшкереленді. Осы орайда 2008 жылмен салыстырғанда тәртіп бұзушылықтар біршама азайды, ол кезде ҰБТ өткізілген бірінші күні ұялы телефонды алып өтуге жасалған 24 талпыныс, ұялы телефонды аудиторияда тікелей пайдалануға жасалған 4 талпыныс анықталған болатын", - деп хабарлайды ҰҚКД баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны