01.04.2009, 18:35 3021

Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топты қаржыландырып келген коммерциялық құрылымның қызметіне тосқауыл қойылды

Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топты қаржыландырып келген коммерциялық құрылымның қызметіне тосқауыл қойылды

Астана. 1 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топты қаржыландырып келген коммерциялық құрылымның қызметіне тосқауыл қойылды. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР ІІМ Криминалдық полиция комитетінің бастығы Сұлтан Күсетов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Оңтүстік Аймақтық ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы мен ҰҚК бірлесе жүзеге асырған іс-шараның нәтижесінде Алматы қаласында ұйымдасқан қылмыстық топты қаржыландырып келген коммерциялық құрылымның қызметіне тосқауыл қойылды. Олар салық төлеуден жалтару схемасын ойлап тауып, Франциядан контрабандалық жолмен өнім енгізу арнасын жолға қойған", - деді С. Күсетов.

Оның айтуынша, қолданылған шаралардың арқасында 16 млн астам теңгенің косметикалық өнімдері мен дәрі-дәрмектерінің партиясы қолға түсті. Бұл дерек бойынша экономикалық контрабанда үшін қылмыстық іс қозғалды.

Еске сала кетейік, ҰҚК және қаржы полициясы органдары бірлесіп көлеңкелі кірістер мен ұйымдасқан қылмыстық топтарды қаржыландыру арналарын әшкерелеу және ондай әрекеттердің алдын алуға бағытталған арнаулы операциялар өткізген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны