31.07.2008, 13:56 3153

Алматыда ҰҚКД жасанды ақша жасайтын топтың іс-әрекетіне тосқауыл қойды

Алматыда ҰҚКД жасанды ақша жасайтын топтың іс-әрекетіне тосқауыл қойды

Алматы. 31 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда ҰҚКД жасанды ақша жасайтын топтың іс-әрекетіне тосқауыл қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы қалалық ҰҚКД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҰҚКД-нің шұғыл тергеу тобының ұзаққа созылған іс-шарасының нәтижесінде ҚР Ұлттық банкінің банкноттарын әріқарай сату үшін ірі көлемде қолдан жасаумен шұғылданып келген ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз іс-әрекетінің жолы кесілді ", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Шұғыл тергеу тобы жүзеге асырған шаралар жасанды ақшаларды өндірістік негізде жасау механизмдерін, тәсілдері мен жасау жайттарын, сондай-ақ, аталған қылмыстық топтың құрылымын, оның жетекшілері мен сыбайластарының ролі мен функцияларын айқындауға мүмкіндік берді.

"Ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшілері мен мүшелері түн уақытында Алматы маңындағы Алатау ауылындағы "Андорра" ЖШС-іне тиесілі бір баспахананың аумағына кіріп, ол жерде баспахана жабдықтары мен қылмыстық жолмен табылған импорттық қағаздар мен қоспаларды пайдалана отырып, өндірістік негізде 2 мың теңгелік купюрамен 57 млн 232 мың теңге жасап шығарған", - деп хабарлайды ҰҚКД.

Қылмыскерлер бұдан кейінгі кезеңде осындай тәсілмен 5 мыңдық купюрамен 143 млн теңге жасап шығаруды жоспарлаған.

Қазір ұйымдасқан қылмыстық топтың алты мүшесі (Исмаилов, Мададов, Мустафаев, Белуш, Долгоспинов және Ню) ұсталды, олардың бәрі де Қазақстан азаматтары, ал топ жетекшілерінің бірі бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған, ал екінші бір мүшесі - "Андорра" ЖШС-нің қызметкері.

Ұсталғандар ҰҚКД тергеу абақтысына қамалды, тергеу жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны