14.10.2009, 10:38 1536

Алматыда ҰҚШҰ саммиті өткізілуге байланысты кейбір көшелерде көлік қозғалысы шектеледі - Жол полициясы басқармасы

Алматыда ҰҚШҰ саммиті өткізілуге байланысты кейбір көшелерде көлік қозғалысы шектеледі - Жол полициясы басқармасы

Алматы. 14 қазан. Kazakhstan Today - Алматыда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының саммиті өткізілуге байланысты қазанның 14 мен 16 аралығында кейбір көшелерде көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматы қалалық Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Алматыда ҰҚШҰ саммиті өткізілуге байланысты кейбір көшелерде көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Алматы қалалық Жол полициясы басқармасы барлық жол қозғалысына қатысушылардан жол полициясы инспекторларының талаптарына мүлтіксіз бағынып, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды".

"Сондай-ақ, 2009 жылдың 14 және 16 қазаны аралығында әкімшілік тәжірибе бөлімшелерінде, тіркеу- емтихандар қабылдау бөлімшелерінде және жол полициясы басқармасының диагностика станциясында азаматтарды қабылдау шектелуі мүмкін", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны