15.06.2010, 12:30 2801

Алматыда ҰҚТ екі мүшесіне қарулы шабуыл жасады деген күдікті ұсталды - ІІД

Алматы қаласының ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бастығы полиция полковнигі Валерий Козловтың айтуынша, олар осы уақытқа дейін Қазақстанның әр қалаларында бой тасалап жүрген.

Алматы. 15-маусым. Kazakhstan Today - Талдықорған қаласында 2009 жылдың 1-қаңтарында "Рыбачинские" қылмыстық тобының 2 мүшесіне қастандық жасалған еді. Оның біреуі оқиға орнында мерт болса, 24 жасар оның серігін дәрігерлер құтқарып қалған болатын. Өткен аптада осы қылмысқа қатысы бар деген күдікті құрықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Алматы қаласының ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бастығы полиция полковнигі Валерий Козловтың айтуынша, олар осы уақытқа дейін Қазақстанның әр қалаларында бой тасалап жүрген.

"Өткен аптаның соңында біз күдіктінің Алматыға келіп, жалған аты-жөнмен пәтер жалдағаны туралы ақпарат алдық. Оны ұстау түн ішінде, күдікті түнгі клубтан шығып келе жатқан кезде жүзеге асырылды",- деп хабарлады полиция полковнигі Валерий Козлов.

"Күдіктінің ұсталғаны туралы Алматы облысындағы әріптестеріне хабар берілген. Жақын күндері күдікті Талдықорғанға жеткізіліп, қылмыстық іс қозғалады. "Күдіктіні ұстау біздің басқарма мен есірткі бизнесімен күрес басқармасы, Жол полициясы басқармасының бірлесе әрекет етуімен жүзеге асырылды",- деп хабардар етті В. Козлов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны