19.08.2008, 19:12 2581

Алматыда жасанды несиелік карточкалардың көмегімен бірнеше миллион теңгенің тауарларын сатып алған Литва азаматтары ұсталды

Алматыда жасанды несиелік карточкалардың көмегімен бірнеше миллион теңгенің тауарларын сатып алған Литва азаматтары ұсталды

Алматы. 19 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда жасанды "Виза" маркалы несиелік карточкалардың көмегімен бірнеше миллион теңгенің тауарларын сатып алған Литва азаматтары ұсталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы қалалық ІІД криминалдық полициясы басқармасының қызметкерлеріне қалада жасанды "Виза" маркалы несиелік карточкалардың көмегімен қаладағы ірі дүкендерде тұрмыстық техникалар мен алтын зергерлік бұйымдарды сатып алып жүрген топ бар деген шұғыл ақпарат алған.

"Ішкі істер департаментінде соған сәйкес шұғыл тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары қылмыскерлерді ұстау бағытында мұқият ойластырылған бірқатар операцияларды жүргізді. Нәтижесінде алаяқтыққа күдікті екі адам да ұсталды", - деді Алматы қалалық ІІД криминалдық полициясы басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Александр Кван.

"Ұсталған жігіттердің әмиянынан 20-дан астам электронды "Виза" карточкасы табылған. Сонымен бірге, алаяқтық жасады деген күдіктілерді электронды техника дүкенінің сатушылары мен кассирлері де таныды, бұл жерден олар бірнеше миллион теңгенің тауарын сатып алған", - деді А. Кван.

Оның айтуынша, электронды карталар арнаулы сараптамаға жолданды. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары шоттың иесі кім екенін, алаяқтардың оны қашаннан бері пайдаланып жүргенін, электронды карточкалар қайда және өалай жасалғанын анықтау үстінде.

"Ұсталған екеуі де Литва азаматтары. Олардың үстінен қалалық ІІД ҚР Қылмыстық кодексінің алаяқтық жөніндегі 177-ші бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу аяқталғанға дейін екі күдікті тергеу абақтысына қамалды", - деді А. Кван.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны