18.02.2008, 14:14 3126

Алматыда "Жол жүру қауіпсіздігі" атты профилактикалық шаралар жүргізілуде

Алматыда "Жол жүру қауіпсіздігі" атты профилактикалық шаралар жүргізілуде

Алматы. 18 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда 18 ақпаннан бастап апталық аймақтық "Жол жүру қауіпсіздігі" атты профилактикалық шаралар жүргізіледі. Бұл туралы агенттікке Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

"Жол жүру қауіпсіздігі" шаралары барысында біз жол ережелерін бұзғандарды анықтайтын боламыз. Яғни, ішімдік ішіп көлікті жүргізгендер, жолдың қарсы бетіне шыққандар, көлік жылдамдығын ұлғайтқан жүргізушілер ұсталатын болады", - деп хабарлады Алматы қаласының ІІД жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Талғат Ақжігітов.

Бұл акцияның басты мақсаты, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, "Жол жүру қауіпсіздігі" шарасына жол полициясының барлық күштері мен мүмкіндіктері жұмылдырылып қана қоймай, Алматы қалалық ішкі істер департаментінің басқа қызметтері де тартылады.

"Көп жағдайда жол көлік апатында тек жүргізуші ғана кінәлі болмайды, жүргіншілердің де қатесі бар. Сондықтан, жол қозғалысына қатысушылар жолды тек белгіленген жерлерде және тек жасыл бағдаршам жанғанда ғана өту керектігіне назарларын аударғым келеді. Ал жүргізушілер жолда мұқият болып, жол жүру жылдамдығын асырмай, жол жүру ережелерін сақтау қажет", - деп атап өтті Т. Ақжігітов.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, мұндай шаралар Алматы қаласы жолдарындағы жағдайды жақсартуға септігін тигізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны