21.01.2019, 21:54 8618

Алматыдағы форумда ЕАЭО мүше мемлекеттердіӊ Үкімет басшылары цифрландыру мәселелерін талқылайды

Алматыда Еуразияныӊ инновациялық экожүйесі арналған "Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі 2.0" атты форумы өтеді. Форумды Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ұйымдастыруда.

Астана. 21 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2019 ж. 1 ақпанында Алматыда Еуразияныӊ инновациялық экожүйесі арналған "Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі 2.0" атты форумы өтеді. Форумды Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ұйымдастыруда.

Форумға ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерініӊ Үкімет басшылары, ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық сарапшылар, халықаралық ұйымдардыӊ өкілдері, саясаткерлер, ғалымдар, бизнесмендер қатысып, Еуразияныӊ біртұтас инновациялық экожүйесін құру және дамытуға арналған ортақ алаӊында одаққа мүше елдердіӊ технологиялық әлеуетін ашу мәселелерін талқылайды.

Биылғы форумныӊ спикерлері еӊ ірі IT-компаниялардыӊ құрылтайшылары, халықаралық ақпараттық технологиялық парктердіӊ басшылары мен АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Сингапур, Швейцария және ТМД елдерініӊ технологиялық индустрия саласындағы 50-ден астам өкілдері қатысады.

"Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі 2.0." форумы аясында Ресей, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Премьер-министрлері мен Армения Вице-премьері- және халықаралық сарапшылардыӊ қатысуымен пленарлық сессиясы өтеді. Қатысушылар Еуразия технопарктерініӊ интеграциялау перспективаларын талқылап, бірлескен инновациялық жобаларды құру, IT саласындағы жас мамандар мен стартап-компанияларды қолдау және оларды ілгерілету мәселелері бойынша тәжірибесімен алмасады.

Сонымен қатар, Форум бағдарламасында бес панельдік сессия ЕАЭО цифрлық күн тәртібі, инновациялық экожүйе, Индустрия 4.0, (БҰҰ өкілдерініӊ қатысуымен) тұрақты дамуға қол жеткізу және шағын орта бизнесті цифрландыруға арналады.

2017 ж. 11 қазанында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеӊестіӊ отырысында жарияланғандай, "Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі" жыл сайынғы форумы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ бастамасымен өткізілді. Форумныӊ басты мақсаты - ЕАЭО елдерініӊ цифрлық экономикаларын дамытуды жеделдету және олардыӊ бәсекеге қабілеттілігін арттыратын бірлескен шараларды әзірлеу.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны