01.03.2011, 14:54 3124

Алматыдағы жеке меншік университеттердің бірінен 6 млн теңге қолды болды

Алматыдағы жеке меншік университеттердің бірінен 6 млн теңге қолды болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 1 - наурыз. Kazakhstan Today - Алматыдағы жеке меншік университеттердің бірінен 6 млн теңге қолды болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзінің хабарлауынша, "27-ақпан күні сағат 00.30-дан 2 сағат аралығында белгісіз үш адам Сәтпаев көшесінде орналасқан "Қайнар" жеке меншік университетіне кіріп, 67 жастағы күзетшіні соққыға жығып, скотчмен байлап тастаған. Осыдан кейін есепшінің бөлмесіне кіріп, темір сейфті бұзып, 6 млн теңге көлеміндегі қаржыны қолды қылған. Сондай-ақ, олар ұялы байланыс төлемдерін жүргізетін терминалды бұзған. Келген шығынның жалпы көлемі анықталуда".

Қылмысты ашу үшін құрамында тәжірибелі қызметкерлер кірген жедел топ құрылған.

Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 178 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны