06.08.2008, 19:01 3193

Алматының айналасында "азық-түлік белдеуін" құру қажет - премьер

Алматының айналасында "азық-түлік белдеуін" құру қажет - премьер

Астана. 6 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматының айналасында Астанадағы секілді "азық-түлік белдеуін" құру қажет. Бүгін өткен үкіметтің отырысында республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов осындай тапсырма берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Астананың төңірегінде "азық-түлік белдеуін" құру жөніндегі мемлекет басшысының тапсырмасы - жақсы бастама. Біз алып қаланы қамтамасыз ету үшін Алматының айналасында да осындай белдеу құруымыз қажет", - деді Кәрім Мәсімов.

"Бұны мен ҚР Ауылшаруашылығы министрі, Алматы мен Алматы облысының әкімдеріне тапсырамын", - деді үкімет басшысы. Оған министрлік басшысы тапсырманы орындауға дайын екенін айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны