19.01.2010, 13:39 2913

Алматының жолаушылар транпорты және автокөлік жолдары басқармасына жүргізілген тексерулер нәтижесінде төрт қылмыстық іс қозғалды

Алматының жолаушылар транпорты және автокөлік жолдары басқармасына жүргізілген тексерулер нәтижесінде төрт қылмыстық іс қозғалды

Астана. 19 қаңтар. Kazakhstan Today - Прокуратура "Алматы қалалық жолаушылар транпорты және автокөлік жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүргізілген тексерулер нәтижесінде төрт қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы қаласының прокуратура органдары басқарма қызметінде автокөлік жолдарын жобалау, салу және пайдалану жұмыстарын жүзеге асыруда сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы және автокөлік жолдары туралы заңнаманың қолданылу жағдайына тексеру жүргізді.

"Тексеру қорытындысы соның ішінде жол саласында алға қойған мақсаттардың айтарлықтай тиімді жүзеге асырылмай отырғанын дәлелдеді. Қалада қазіргі бар магистральдық көшелер мен жолдардың жүйесі көлік қозғалысының өсу қарқынынан күрт кенжелеп қалып отыр", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Алматы қаласының прокуратура органдарының тексерулерінің нәтижесінде қолданыстағы заңнаманы бұзуға қатысты бірқатар оқиғалар анықталды. Соның ішінде бюджет қаржысын негізсіз әрі тиімсіз жұмсау, қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану, атқарылған жұмыстардың актісінде артық көрсету арқылы бюджет қаржысын ұрлау секілді оқиғалар бар", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жалпы алғанда тексерулердің қорытындысы бойынша төрт қылмыстық іс қозғалды, қалалық жолаушылар транпорты және автокөлік жолдары басқармасы бастығының атына заң бұзушылықты жою жөнінде бір таныстыру енгізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны