23.02.2007, 09:56 3255

"Алматыжер" мен "Пәтер бюросының" іс-қызметі заңнамаға қайшы келеді - Бас прокуратура

"Алматыжер" мен "Пәтер бюросының" іс-қызметі заңнамаға қайшы келеді - Бас прокуратура

АСТАНА. 23-ақпан. Kazakhstan Today. Алматыдағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын - "Алматыжер" мен Астанадағы осындай "Пәтер бюросы" кәсіпорнының іс-қызметі заңнамаға қайшы келеді, деді республиканың бас прокуроры Рашид Түсіпбеков сәрсенбіде Қауіпсіздік кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде.

"Астана және Алматы қалаларының әкімшіліктері "Алматыжер" және "Пәтер бюросы" атты жерді тәркілеу жөніндегі арнаулы кәсіпорын құрған. Олардың іс-қызметі құрылыс фирмалары мен азаматтар арасындағы делдалдыққа саяды. Ал жер заңнамасына сәйкес, құрылыс салушы шығындарға қатысты өтемақылар жайында жер иелерімен өз бетімен келісімге келуге тиіс",- делінген Бас прокуратураның сайтында жарияланған бас прокуордың сөзінде.

"Аталған кәсіпорындардың іс-қызметіне құқықтық сипат беру үшін жерді тәркілеп алу жөнінде заңсыз құқықтық-нормативтік актілер қабылданған",- деді Р.Түсіпбеков. "Прокуратура бұл актілерге қарсылық білдірді",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны