12.01.2026, 17:25 1526

Алматы қаласының прокуратурасы мемлекетке 300 млн теңгеден астам активті қайтарды

Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура органдары заңсыз берілген мемлекеттік активтерді қайтару бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді, деп хабарлайды Алматы қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Жүргізілген шаралар нәтижесінде 2019 жылы "Қазақстан мәдениет зерттеу институты" ЖШС-нің заңсыз түрде иеліктен шығарылғаны анықталды.

Медеу ауданы прокуратурасының талабы негізінде сот мәмілелерді жарамсыз деп танып, жалпы құны 300 млн теңгеден асатын активтер мемлекетке қайтарылды.

Мемлекеттік меншік мүддесін қорғау жұмысы ерекше бақылауда тұр және жалғасуда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны