Система Orphus

Алматыда ҚР ҚК офицерлерінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттырудың жоспарлы курстары ұйымдастырылды

12.02.2020, 00:14 2539

Алматы. 12 ақпан. Kazakhstan Today - Офицерлердің біліктіліктігін арттыру курсы ұйымдастырылды.

Алматы қаласындағы Радиолектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында ҚР ҚК офицерлерінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттырудың жоспарлы курстары ұйымдастырылды.

Қорғаныс министрлігінің жауынгерлік жоспарына сәйкес ақпан айынан бастап наурыз айына дейін зениттік-зымыран (техникалық) дивизиондары, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері, радиотехникалық батальон командирлері, Құрлық әскерлерінің байланыс батальон командирлері курстық даярлықтан өтеді.

"Осы жылы маған курсқа қатысу мүмкіндігі бұйырғанына өте қуаныштымын. Жалпы сабақ теориялық және практикалық тұрғыда қызықты құрастырылған. Күнделікті әскери қызметті жүргізуге қатысты көптеген пайдалы тұстары болды", - дейді Шымкент гарнизонының әскери қызметшісі майор Бақтияр Баубеков.

Оқу бағдарламасында тактикалық-мамандық, техникалық даярлық, әскерлерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі және әскери топография сияқты пәндер қарастырылған. Оқуды ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамы жүргізеді.

Әуе шабулына қарсы қорғаныс әскерлерінің офицерлері үшін 248 оқу сағаты, құрлық әскерлері үшін 229 оқу сағаты бөлінді. Бағдарлама теориялық және практикалық сабақтардан құралған. Курстық дайындық қорытындысы бойынша офицерлер алған білімдерін көрсетіп, одан кейін курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар алады.

Командалық буынның біліктілігін арттыру курстары Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында 2016 жылдан бастап өткізіледі. Осы уақыт ішінде 200-ден астам офицер оқудан өтті. Курстық даярлықты өткізудің негізгі мақсаты командалық дағдыларды жетілдіру, сеніп тапсырылған бөлімшелерді басқару және олардың жауынгерлік мақсатын тиімді пайдалану мәселелерінде командалық құрам офицерлерінің жауынгерлік және тактикалық даярлық деңгейін арттыру болып табылады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны