29.05.2023, 15:58 10761
Алматыда шоу-презентация кезінде тағы бір финпирамиданың ұйымдастырушысы ұсталды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Hit beat music" деп аталатын қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ҚМА Алматы қаласы бойынша Департаменті бастады, деп хабарлайды ҚМА.
Ұйымдастыруға күдікті жарнамалық шоу-презентацияларды өткізу кезінде ұсталды.
Hit beat music" (HBM Group) инвестициялар саласындағы ақпараттық-талдамалық компания ретінде жасырынып, өзінің заңсыз қызметін жүзеге асыратыны анықталды. Компания сенгіш азаматтарға тұрақты сыйақы алуға кепілдік беретін канадалық музыкалық инвестициялық жобаларға ақша салуды ұсынды.
Сонымен қатар, "Hit beat music" (HBM Group) Қазақстан аумағында заңды тұлға, өкілдік және филиал ретінде тіркелмеген, сондай-ақ ашық банктік шоты жоқ.
Салымшылардың жарналары кіріс кассалық ордерлерін ресімдемей қолма-қол нысанда жүргізіледі.Тіркелген пайдаланушылардың жалпы саны 2300-ден асады.
Қазіргі уақытта "Hit beat music" ұйымдастырушысына қатысты 2 айға дейінгі мерзімге "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
ҚМА мен прокуратура органдары азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырады.
Егер сіз және сіздің жақындарыңыз "Hit beat music" қызметіне тап болса, ҚМА call - орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
03.10.2024, 18:29 15976
СҚО прокурорлары есірткіге қарсы күрес бойынша алдын алу шараларын қабылдауда
Достарға айту
СҚО прокурорлары есірткіге қарсы күрес бойынша алдын алу шараларын қабылдауда, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тапсырмасына сәйкес нашақорлыққа және есірткі қылмыстарынақарсы күрес бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Ағымдағы жылы өңірде есірткі заттарымен байланысты 202 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды.
Тиісінше 570 кг-дан астам түрлі есірткі заттары тәркіленді.
Облыс прокуроры Қайрат Әбдіханов қадағалау органының үйлестіруімен психоактивті заттарды зерттеуге арналған және синтетикалық препараттар бойынша жоғары дәлдік пен жедел зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа үлгідегі құрылғылармен жабдықталған зертхананың ашылғанын атап өтті.
Облыс прокуратурасы сараптамалардың барынша жеделдігі мен дәлдігін қамтамасыз етіп қана қоймай, синтетикалық препараттармен байланысты жаңа қауіптердің алдын алу үшін ғылыми базаны белсенді дамыту міндетін алға қояды.
Интернет-ресурстар арқылы есірткі және психотроптық заттардың таралуын болдырмау мақсатында әлеуметтік желілерге күнделікті мониторинг жүргізіледі.
Жастармен және жасөспірімдермен нашақорлыққа қарсы күрес бойынша кешенді іс-шаралар өткізілуде.
Мысалы, қыркүйек айында Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің алаңында облыс прокуратурасының басшылығы орта арнаулы білім беру ұйымдарының оқушыларымен (300 адам қамылды) есірткі заттарын тұтынудың және таратудың алдын алу бойынша кең ауқымды кездесу өткізді.
Қатысушыларға ақпараттық бейнероликтер көрсетіліп, түрлі сұрақтар қамтылды, оның ішінде есірткі заттарын қолдануға итермелегені үшін қарастырылған жауапкершілік туралы түсіндірілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.10.2024, 17:19 17301
Тоқаев Германия Президентін бірлік күнімен құттықтады
Достарға айту
Мемлекет басшысы Германияның Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайер мен барша Германия халқын Бірлік күнімен құттықтады.
Президент Германия Федеративтік Республикасының өркендей беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ Қазақстан мен Германияның дәстүрлі достық пен өзара тиімді серіктестік рухындағы ынтымақтастығы одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайердің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Германия халқына бақ-береке тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.10.2024, 14:20 20486
Қасым-Жомарт Тоқаев корей халқын Ұлттық күнімен құттықтады
Достарға айту
Мемлекет басшысы Корея Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Юн Сок Ёл мен корей халқын Ұлттық күнімен құттықтады.
Президент жеделхатында Кореяны экономикалық және технологиялық дамуда зор жетістіктерге қол жеткізген мемлекет ретінде атап өтіп, екі ел арасындағы қарым-қатынас стратегиялық серіктестік рухында нығайып келе жатқанына тоқталды. Сонымен қатар дәстүрлі достық пен берік байланысқа негізделген қазақ-корей ықпалдастығы халықтардың игілігі үшін одан әрі жандана беретініне сенім білдірді.
Мемлекет басшысы Корея Республикасы Президентінің жауапты қызметіне толағай табыс, достас корей халқына құт-береке тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.10.2024, 13:29 21151
Тоқаев балаларды тәрбиелеу жөнінде: жауапкершілікті мемлекетке жүктеуге болмайды
Достарға айту
Біздің қоғам қазір бетпе-бет келген көптеген мәселе мен кеселдің түп-тамыры ата-аналардың бала тәрбиесіне өз деңгейінде араласпауынан басталады, деп мәлім етті ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының ІІ республикалық форумында.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтарын қорғау, олардың жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасау - мемлекеттік саясаттың ең басты басымдығы. Салалық министрлік болсын, әкімдік немесе құқық қорғау құрылымы болсын, уәкілетті органдардың бәрі өз қызметін мүлтіксіз орындап, жұмысын үйлестіруі керек. Бақытты балалықтың негізі отбасы институты екенін және солай болып қала беретінін түсінген жөн.
Біздің қоғам қазір бетпе-бет келген көптеген мәселе мен кеселдің түп-тамыры ата-аналардың бала тәрбиесіне өз деңгейінде араласпауынан басталады. Ұрпақтың цифрлық дүниелерге тәуелді болуы мен виртуалды әлемге шектен тыс құмартуы нағыз дертке айналды. Балаларға қатысты кез келген қайғылы жағдай менің жаныма батады. Мемлекеттік органдардың назарын дереу осындай жағдайларға аударып, тиісті тапсырмалар беріп, орындалуын тұрақты бақылауымда ұстаймын.
Сөз жоқ, заманауи технологиялар дамуға даңғыл жол ашады, сондай-ақ өмірімізге айтарлықтай қауіп те төндіреді. Танымал әлеуметтік желілер балаларды ғана емес, үлкендерді де зомбиге айналдыруы мүмкін. Ата-аналар балаларының тәрбиесін мемлекетке немесе мектепке ысыра салмауы керек. Гаджеттердің құрсауында қалдыруға тіпті болмайды. Балаларына цифрлық гигиенаның қарапайым ережелерін үйретуге ата-ана жауапты. Ұл-қыздарымызға көңіл бөлу, бірге уақыт өткізу, оларды алаңдатқан мәселелер жайында әңгімелесу маңызды. Баланың смартфон немесе компьютер пайдаланған кезінде не істеп жатқанын қатаң қадағалау қажет".
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.10.2024, 18:17 39726
Мүгедектікті белгілеу бойынша 68 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды
Достарға айту
2024 жылдын басынын бастап мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінен 68,8 мыңнан астам өтінім қаралды. Бүгінгі күні сырттай форматта куәландыру 30 нозологиялық нысан бойынша жүргізіледі, деп хабарлайды ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметінен.
2023 жылы 76,4 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды, бұл куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 30,4%-ын құрайды.
Бұған дейін хабарланғандай, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасауды, олардың инстанциялар мен қағазбастылық бойынша жүруін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің көрсетілетін қызметті алушылармен байланысын болдырмауды тапсырды.
Осы тапсырманы орындау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп Қазақстанның барлық 20 өңірінде пилоттық режимде медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі - МӘС) жүргізудің сырттай форматы бойынша жобаны іске асыруда.
Мүгедектік тобын белгілеу жөніндегі қызметті алу үшін өтініш берушіге тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгіну және қажетті тексеруден өту қажет, қалған процестер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен оның қатысуынсыз өтеді.
Сырттай куәландыруға көшу:
- әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді жояды;
- МӘС сараптамалық шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді;
- мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларын анықтау бойынша қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді;
- көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысын болдырмайды, сол арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.10.2024, 17:44 40481
Алматы полициясы қызметтің күшейтілген нұсқасына көшірілді
Достарға айту
Алматы полициясы қызметтің күшейтілген нұсқасына көшірілді, деп хабарлайды Алматы қаласы полици департаментінің баспасөз қызметінен.
Алматыда күн сайын 2 мыңнан астам полиция қызметкері құқық тәртібін қорғайды.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстардың, сондай-ақ басқа да заңсыз әрекеттердің дер кезінде алдын алу және жолын кесу мақсатында Алматы полициясы қызметтің күшейтілген нұсқасына көшірілді.
Осыған орай, ПД-нің басшысы полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров Алматы гарнизонына бірыңғай саптүзеу өткізді.
Құрметті әріптестер! Қаламыздағы қоғамдық қауіпсіздіктің жай-күйі сіздердің шұғыл әрекет етулеріңізге және нәтижелі жұмыстарыңызға тікелей байланысты. Бүгінгі таңда Алматы полициясының алдыңғы қатарлы материалдық-техникалық базасы бар және қылмысқа қарсы күресуге, құқықтық тәртіпті нығайтуға қажеттінің бәрімен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау ішкі істер органдарының бірінші кезектегі міндеті екенін әрқашан есте ұстаған жөн", - деді, Арыстанғани Заппаров.
Сондай-ақ Алматы полициясының басшысы, Ішкі істер Министрлігінің қызмет көрсетудің сервистік моделіне көшу жөніндегі басым тұжырымдамаларының бірін жүзеге асыруға ерекше назар аударды.
Тексеру барысында алдыңғы шептегі бөлімшелердің киімі мен техникалық құралдары тексерілді.
Ал жоғары нәтиже көрсеткен полиция қызметкерлерін ПД басшылығы марапаттады.
Сондай-ақ, Алматы полиция гарнизонының саптүзеуінде 20-дан астам тәртіп сақшысы алғашқы офицерлік шендерін алды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.10.2024, 17:26 41081
Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген тұлғалар кәсіпкерлікпен айналыса алады
Достарға айту
Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген тұлғалар кәсіпкерлікпен айналыса алады, деп мәлім етті Парламенттің төменгі палатасының баспасөз қызметінен.
Мәжіліс кейбір заңнамалық актілерге оларды Конституция нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Түзетулер сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға қатысты.
Конституциялық сот азаматтардың өтініші бойынша "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңның 13-бабын Конституцияның 26-бабының 4-тармағы мен 39-бабының 1-тармағына сәйкес келмейді деп таныды. Атап айтқанда, Конституциялық Сот мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген тұлғаларға қатысты шектеулер олардың кәсіпкерлікпен айналысу еркіндігі құқықтарын бұзатынын анықтады.
Осыған байланысты заң жобасында мемлекеттік функцияларды орындаумен үйлеспейтін қызметпен айналысуға тыйым салуға байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қолданылатын лауазымды тұлғалар тобы нақтыланады. Енді бұл шектеулер облыстық мемлекеттік кәсіпорындарда, коммуналдық кәсіпорындарда және коммуналдық мемлекеттік органдарда басқару функцияларын жүзеге асыратын тұлғаларға қолданылмайды. Алайда егер бұл олардың қызметтiк мiндеттерiн орындауына кедергi келтiрсе, қызметтiк мүлiктi пайдалануға әкеп соқса немесе мүдделер қақтығысын тудырса, коммерциялық ұйымның қызметiне қатысуға, кәсiпкерлiк немесе өзге де ақылы қызметпен айналысуға құқығы жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.10.2024, 14:59 42521
Қазақстан Президенті V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегерлерін марапаттады
Достарға айту
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына атсалысқан азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Астана қаласында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегерлері, олардың жаттықтырушылары, сондай-ақ халықаралық спорт шарасын ұйымдастыруға және өткізуге ерекше үлес қосқан азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Атап айтқанда, 1 адам "Парасат" орденінің және 7 азамат "Құрмет" орденінің кавалері атанды. "Ерен еңбегі үшін" медалі 85, ал "Шапағат" медалі 5 адамға берілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
03.10.2024, 13:29Тоқаев балаларды тәрбиелеу жөнінде: жауапкершілікті мемлекетке жүктеуге болмайды 03.10.2024, 14:20 20091Қасым-Жомарт Тоқаев корей халқын Ұлттық күнімен құттықтады03.10.2024, 17:19 16906Тоқаев Германия Президентін бірлік күнімен құттықтады03.10.2024, 18:29 15581СҚО прокурорлары есірткіге қарсы күрес бойынша алдын алу шараларын қабылдауда03.10.2024, 17:25 7756Алматы прокуратурасы өз-өзіне қол жұмсау контентінің қолжетімділігін шектеді
27.09.2024, 17:57 89516Қазақстан СТОБҮК ұйымына төрағалық етеді27.09.2024, 17:46 82256Астанада қоғамдық көлікке арнап 10 мыңнан астам виртуалды тариф шығарылды27.09.2024, 15:32 81651Президент Түркістан облысының жұртшылығымен кездесті27.09.2024, 15:24 81246Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті27.09.2024, 11:30 73601Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовті Түрікменстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады
26.09.2024, 18:14 99721Қазақстандық аграрларды мемлекеттік қолдау көлемі 1,4 трлн теңгеге дейін ұлғаяды26.09.2024, 16:35 95246«Бауырына салу» фильмі «Оскарға» ұсынылды26.09.2024, 16:23 93916Алматыда тау бөктерінде ТК құрылысы тоқтатылды: жоспардан тыс тексеру жүріп жатыр27.09.2024, 17:57 89516Қазақстан СТОБҮК ұйымына төрағалық етеді06.09.2024, 17:38 88486Жамбыл облысында 2,7 мың га пайдаланылмай жатқан жер уческелерін қайтарылды