28.05.2010, 13:03 3270

Алтынның қорына қарай Қазақстан әлемдегі ең алдыңғы орындардың біріне шыға алады - Назарбаев

"Қазақстанда алтын өндіру ісі, расын айтсақ, енді ғана дами бастады. Алтынның қорына қарай Қазақстан әлемдегі ең алдыңғы орындардың біріне шыға алады және біз соған ұмтылатын боламыз. Біздің елімізде капитал мен еңбек жұмсауды күтіп жатқан мұндай кеніштер көп. Біз осы іспен шұғылданатын боламыз", - деді Н. Назарбаев.

Көкшетау. 28 мамыр. Kazakhstan Today - Алтынның қорына қарай Қазақстан әлемдегі ең алдыңғы орындардың біріне шыға алады. Бұл туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін "Васильков кен-байыту комбинаты" АҚ-ның алтын өндіру фабрикасының жұмысшыларымен кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазақстанда алтын өндіру ісі, расын айтсақ, енді ғана дами бастады. Алтынның қорына қарай Қазақстан әлемдегі ең алдыңғы орындардың біріне шыға алады және біз соған ұмтылатын боламыз. Біздің елімізде капитал мен еңбек жұмсауды күтіп жатқан мұндай кеніштер көп. Біз осы іспен шұғылданатын боламыз", - деді Н. Назарбаев.

"Жалпы алғанда дағдарысқа қарамастан, елімізде индустрия дамып келеді. Бір зауыт та жұмысын тоқтатпады, бір адам да жұмыстан шығарылған жоқ. Қазір біз бұл дағдарыстан шыға бастадық, өзімізде қор болғандықтан, біз ешкімнен де ақша немесе несие сұраған жоқпыз. Меніңше, біз келешекте де сенімді өмір сүретін боламыз", - деді мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны