06.06.2012, 16:31 2801

Ангола, Аргентина және Эфиопия елшілері Қазақстанда жұмысқа кірісті

Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед бірқатар шетел елшісінен сенім грамоталарын қабылдады деп хабарлайды сәрсенбіде мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Астана. 6-маусым. Kazakhstan Today - Ангола, Аргентина және Эфиопия елшілері Қазақстанда жұмысқа кірісті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед бірқатар шетел елшісінен сенім грамоталарын қабылдады деп хабарлайды сәрсенбіде мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Мемлекеттік хатшыға Ангола Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Жаокин Аугусто де Лемуш, Аргентина Республикасының Елшісі Хуан Карлос Креклер, Эфиопия Демократиялық федерациясының Елшісі Мулат Тешоме сенім грамоталарын табыс етті.

"Кездесу барысында Қазақстан мен аталған елдердің арасындағы қарым-қатынастың одан әрі дамуына қатысты мәселелер туралы пікір алмасылды. Сонымен қатар Қазақстан мен басқа құрлықтардағы мемлекеттермен арадағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени салалардағы күн өткен сайын жақсарып келе жатқан өзара ықпалдастық жағдайлары әңгіме өзегі болды,- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны