03.12.2007, 14:13 3089

Арал аймағында 10 айда есірткіге қатысты 116 қылмыс тіркелді

Арал аймағында 10 айда есірткіге қатысты 116 қылмыс тіркелді

Қызылорда. 3 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Арал аймағында 10 айда есірткіге қатысты 116 қылмыс тіркеліп, 345 кг есірткі тәркіленді. Бұл туралы агенттік тілшісіне ІІД-нің есірткі саудасымен күрес басқармасының бастығы Айбек Мырзалиев хабарлады.

"Қызылорда облысында 10 айда есірткіге қатысты 116 қылмыс тіркеліп, 345 кг есірткі, соның ішінде 4 кг астам героин тәркіленді. 134 адам, соның ішінде 5 әйел мен 2 жасөспірім түрлі мерзімдерге бас бостандықтарынан айрылды", - деді А. Мырзалиев.

Арал аймағына есірткіні республиканың оңтүстік аймақтарынан Шымкент - Самара тас жолы арқылы тасымалдауға тырысуда. Сондықтан да 2 жыл бұрын полицияның "Рубеж-Е" атты екі бекеті қойылған. А. Мырзалиевтің айтуынша, осы бекетте тек кейінгі кездері есірткі тасымалдауға қатысты 24 деректің алды алынып, 10 кг астам есірткі тәркіленді.

Сонымен бірге, полковниктің айтуынша, қарасора өсіретін "әуесқойлар" оны осы өңірде де өсіріп үйренген. Биыл тәртіп сақшылары қарасора егілген 16 егістікті анықтады. "Жалағаш ауданының Аққыр ауылынан 40 шақарам жерде жергілікті тұрғын 2 мың астам түп өсіріп, 205 кг марихуана дайындап, оны орап үлгерген. Оны сатуға бірақ ІІД қызметкерлері мұрсат бермеді", - деді А. Мырзалиев.

Құқықтық статистика және есеп орталығының мәліметінше, ресми түрде есепке алынған нашақорлар, психотроптық заттар мен прекурсорлардың әуесқойлары 2410 адамды құрайды, соның ішінде 62 әйел мен 241 жасөспірім бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны