30.06.2011, 14:30 7937

Арқалықта адам өлтірген қылмыскер 9 жылға бас бостандығынан айырылды

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Арқалық қалалық сотында Арқалықтың 28 жастағы тұрғыны Тимур Жүргібаевқа қатысты сот үкімі шықты. Ол адам өлтіру және өзгенің мүлкін ұрлау бойынша айыпталған.

Қостанай. 30 маусым. Kazakhstan Today - Арқалықта адам өлтірген қылмыскер 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Арқалық қалалық сотында Арқалықтың 28 жастағы тұрғыны Тимур Жүргібаевқа қатысты сот үкімі шықты. Ол адам өлтіру және өзгенің мүлкін ұрлау бойынша айыпталған.

Қостанай облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі Арнайы мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз хатшысы Ардақ Абылайханның хабарлағанындай, қылмыскер 57 жастағы әйелді балғамен ұрып, ол көз жұмған соң денесіне көптеген жарақат салған. Қылмыс жасалған кезде қылмыскер алкоголді ішімдікке мас болған және жәбірленушімен арада ұрыс-керіс болған. Қылмыс жасағаннан кейін ол әйелдің ұялы телефонын және алтын сырғаларын әкеткен.

Қостанай облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі Арнайы мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Бейбіт Ұзақбаев қылмыскерге қатаң режимдегі колонияда 9 жыл жазасын өтеу үкімін шығарды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны