24.10.2006, 09:22 3270

Арнайы комиссия Батыс Қазақстан облысы құқық қорғаушылары арасында туындаған шиеленістің салдарын тексереді

АСТАНА. 24 қазан. Kazakhstan Today. Қазіргі кезде Батыс Қазақстан облысында арнайы комиссия жұмыс істеуде. Оның құрамына Бас прокуратура орталық аппаратының, экономикалық қылмыс және жемқорлықпен күрес Агенттігінің қызметкерлері кірген. Комиссия облыстағы күш құрылымында туындаған жанжалдың себебін анықтауда,-деп хабарлады экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес Агенттігі төрағасының орынбасары Андрей Лукин Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

"Батыс Қазақстан облыстық және қалалық прокуратура қызметкерлеріне қатысты тексеру шаралары жүргізілде. Қазіргі кезде онда құрамына Бас прокуратура орталық аппаратының, экономикалық қылмыс және жемқорлықпен күрес Агенттігінің қызметкерлері кірген арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр",-деп хабарлады А.Лукин.

А.Лукиннің сөзіне қарағанда, "ҰҚК департаментіне қарасты жер учаскелерінің бөлінуіне қатысты тексерулер жүргізілуде".

"Ешкімге айып тағылған жоқ, бұл қайсібір деректі анықтау мақсатында қылмыстық процессуалды заңдылықтарға сәйкес жүргізілетін шаралар, соңынан процессуалды шешім қабылданады",-деді ол.

"Бұл мәселе қызмет үйін және ондағы тауарлық-материалды құндылықтарды жеке басына пайдалану дерегіне қатысты (БҚО қаржы полициясының басшысы үстінен- Kazakhstan Today агенттігінің ескертуі) қозғалған іске де байланысты",-деді А.Лукин.

Оның айтуынша, БҚО қаржы полициясының бастығы Рамазан Тілеуханға қатысты "арандатушылық әрекеттер дайындалған". "Мұндай ақпарат жедел түрде алынып, қазір тексеру жүргізілуде",-деді А.Лукин.

Осыған дейін хабарланғандай, Батыс Қазақстан облысы күш құрылымдары арасында жанжал туындаған боалтын. Қаржы полициясы БҚО құқық қорғау органдары қызметкерлерінің үстінен бірқатар қылмыстық іс қозғағаннан кейін, арнайы қызмет өкілдері Р.Тілеуханды материалдық құндылықтарды иемденіп кетті деп айыптаған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны