15.02.2008, 13:33 2309

"Арселор Миттал" компаниясына қарасты "Саран" шахтасында қазба жұмыстары тоқтатылды

"Арселор Миттал" компаниясына қарасты "Саран" шахтасында қазба жұмыстары тоқтатылды

Қарағанды. 15 ақпан. "Қазақстан Бүгін"- "Арселор Миттал" компаниясына қарасты "Саран" шахтасында қазба жұмыстары тоқтатылды. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Қарағанды облыстық прокуратура басқармасының прокуроры Жанқозы Нақышев хабарлады.

Оның айтуынша, жұмысты тоқтатуға еңбек қорғау мен қауіпсіздік техникасын бұзу себеп, ондай жайтты жедел жою қажет.

"Саран" шахтасының басшылығы кен орнында еңбек етуге қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етуге қажетті тиісті ұйымдастыру-техникалық шараларды қолданбайды", - деді Ж. Нақышев.

"№2 учаскеде жұмыстарды тоқтатуға резервтегі желдеткіштің автоматты түрде іске қосылу мүмкіндігінің болмауы себеп. Ол жергілікті жерді желдететін жұмысшы желдеткіш өшіп қалған жағдайда кен қазу орнында газ жиналуына алып келмек", - деді прокурор.

Сондай-ақ, дайындық забойда вентиляциялық құбырлардың жоқтығынан қажетті ауа көлемімен қамтамасыз етілмеген. Қажетті ауа көлемімен қамтамасыз ету үшін екінші вентиляциялық ауа құбыры қажет. Бұдан басқа да техникалық ақаулар мен жабдықтарды пайдалану ережелерін бұзу оқиғалары анықталған. Осыған байланысты прокуратура кемшіліктер түзетілмейінше қазба орнына адамдарды жіберуді шектеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны