19.02.2008, 14:48 2683

"Арселор Миттал" компаниясының экономикалық саясаты кеншілер жұмысының қауіпсіздігіне кері әсер етуде - Божко

"Арселор Миттал" компаниясының экономикалық саясаты кеншілер жұмысының қауіпсіздігіне кері әсер етуде - Божко

Астана. 19 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконың пайымдауынша, "Арселор Миттал" компаниясының экономикалық саясаты кеншілер жұмысының қауіпсіздігіне кері әсер етуде. Ол бүгін өткен үкіметтің отырысында осындай пікір білдірді.

"АҚ жүргізіп отырған экономикалық саясат жұмыстардың қауіпсіздік ахуалына кері әсер етіп, шахта қызметкерлерін өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзуға объективті итермелейді", - дейді В. Божко.

Министрдің осыған байланысты түсініктемесіне жүгінсек, шахталар үшін көмірді босату бағасы бір тоннасына 24 АҚШ доллары көлемінде төмен күйінде қалып отыр, ал "кокс химиясы өндірісінде қабылданатын көмірдің бір тоннасы 101 доллар, көмірдің әлемдік бағасы бір тоннасына 124 долларды құрайды". ""Арселор Миттал" көмір шахатасында көмірдің өзіндік құнына барлық шығындар, соның ішінде қазіргі заманғы жабдықтарды сатып алу құны мен инвестициялық жобалардың құны да қамтылады", - деді министр.

"Осындай баға саясатының салдарынан кеншілер барлық шығындардың орнын толтыру және дұрыс еңбекақы көлемін сақтап қалу үшін қазба жұмыстарының қарқынын арттыруға және көмір өндіру мөлшерін ұлғайта түсуге мәжбүр, сол үшін кейде тіпті өз қауіпсіздіктерін де құрбандыққа шалуға дайын", - деді В. Божко.

Төтенше жағдайлар министрінің хабарлауынша, үкіметтік комиссия "Абай" шахтасындағы апаттың себептерін тексеру барысында өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кері әсер ететін бірқатар факторларды анықтады. "Атап айтсақ, көмір департаментінің іс-қызметіне жүргізілген талдау көрсеткендей, шахталарда лаваға түсетін жүктемене ұлғайта отырып, көмір өндіру мөлшерін әсіре арттыра түсу оқиғалары байқалуда". "Шахтада көмір өндіру көлемі 2001 жылғы 759 мың тоннадан 2007 жылы 1 млн тоннаға дейін жеткізілген, осы ретте, әрине, забойға түсетін жүктеме тәулігіне 2260 тоннадан 3763 тоннаға дейін жеткен", - деді ТЖМ.

Сонымен бірге, министрдің мәліметінше, "Арселор Миттал" көмір департаменті осындай қарқынға сәйкес келетіндей өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын алмай отыр. "Озық қауіпсіз технологияларға, жабдықтар мен механизмдерді жаңалауға қажетті қаржы бөлінбейді, өндіріске шахталардағы газ бен тозаң режимін бақылаудың сенімді әрі заманауи жүйелері енгізілмейді. Нормативтік қолданылу мерзімдері өтіп кеткен қосалқы жабдықтарды алмастыруға шаралар қолданылмайды", - деп тізбелеп шықты министр.

В. Божконың айтуынша, қазіргі жағдаймен "Арселор Миттал" көмір департаменті шахталарындағы технологиялық жабдықтардың 70% алмастырылуға тиіс, соның ішінде басты желдеткіштердің 100%, стационарлық конвейерлердің 70% , электровоздардың 90% астамы ауыстырылуы қажет".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны