Система Orphus

Асқар Мамин Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюгемен кездесу өткізді

14.02.2020, 20:42 7318

Алматы. 14 ақпан. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының директоры Х. Клюгемен кездесу өткізді.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюгені қабылдады.

Х. Клюге Қазақстанның Үкімет басшысына Нұр-Сұлтан қаласына сапары барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросы арасындағы 2020-2021 жылдарға арналған келісімге қол қою туралы хабарлады.

"Қазақстан денсаулық сақтауды дамыту, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті реформалау мәселелері бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен белсенді ынтымақтастық орнатқан", - деді А. Мамин.

Үкімет басшысы ҚР аумағында коронавирустың пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қызметі, сондай-ақ Қазақстанда азаматтарды коронавирустық инфекциядан қорғау бойынша қабылдаған шаралар туралы айтып берді.

"Қазақстан коронавирусқа қарсы күрес аясында аурудың алдын алу, диагноз қою және карантин шаралары бойынша ДДСҰ-ның ұсынымдарын ұстанады", - деді А. Мамин.

Тараптар коронавируспен күрес, алғашқы медициналық-санитарлық көмек, денсаулық сақтауды цифрландыру, МӘМС енгізу, төтенше жағдайлар медицинасы және т. б. қоса алғанда, Қазақстанның ДДСҰ-мен ынтымақтастығы мәселелерін талқылады.

Кездесуге ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, сыртқы істер министрінің орынбасары Марғұлан Баймұхан, сондай-ақ ДДСҰ-ның ҚР-дағы тұрақты өкілінің міндетін атқарушы Кэролайн Кларинваль қатысты.

Қазақстан ДДСҰ-ға 1992 жылы 19 тамызда қосылды, географиялық жағынан ҚР ДДСҰ-ның Еуропалық аймағына жатады. Нұр-Сұлтан қаласында Ұйымның елдік офисі жұмыс істейді. 2015 жылы Алматы қаласында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) бойынша географиялық қашықта орналасқан офисі ашылды.

2018 жылдың қазан айында ҚР астанасында АМСК бойынша жаһандық конференция өткізілді, оның қорытындысы бойынша Астана декларациясы қабылданған болатын. Биыл 3-8 ақпанда Женева қаласында өткен ДДСҰ Атқарушы комитетінің 146-отырысында АМСК (Operational Framework on PHC) оперативті негізі бойынша шешім қабылданды, оның мәтінін келісу Қазақстанның төрағалық етуімен өтті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны