19.08.2021, 18:53 10963

Асқар Умаров ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды

2020 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін — "ҚазАқпарат" ХАА АҚ басқарма төрағасы.
НҰР-СҰЛТАН. 19 ТАМЫЗ - Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Асқар Қуанышұлы Умаров ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 
Асқар Умаров 1976 жылы Алматыда туған. Тұран университетін бітірген. 
 
1997-1998 жылдары — "Мәдениет мәселелері жөніндегі республикалық ғылыми орталықтың" әлеуметтік-экономикалық мәселелер секторының жетекші маманы. 
 
1998-1999 жылдары — "Қазақстанның шағын бизнесі" журналында маркетинг жөніндегі маман. 
 
2001-2005 жылдары — "Новости недели" РГ" ЖШС тілшісі. 
 
2005-2006 жылдары — "Қазақстан" РТРК" АҚ – "Астана" ТРО филиалы Ақпараттық-талдау бағдарламалары дирекциясының Алматы бюросының шеф-редакторы. Әр жылдары жеке ұйымдарда басшылық қызметтер атқарған. 
 
2008-2010 жылдары — "Нұр-Медиа" ЖШС директоры, бас директорының орынбасары. 
 
2011-2013 жылдары — "Түркі академиясы" КЕАҚ вице-президенті. 
 
2014 жылы — "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарушы директоры. 
 
2016-2017 жылдары — қоғамдық қордың президенті. 
 
2017-2020 жылдары — "ҚазАқпарат" ХАА ЖШС бас директоры. 
 
2020 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін — "ҚазАқпарат" ХАА АҚ басқарма төрағасы.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны