15.04.2015, 10:22 3905

АШМ үйірлі шегірткелерге қарсы күресуде жаӊа технологияларды қолдануда

Биыл үйірлі шегірткелердіӊ 3,8 млн. га жерде таралуы болжанып отыр, соныӊ ішінде итальяндық прус - 3,2 млн. га, азиялық шегіртке - 541,9 мыӊ га, марокко шегірткесі - 100,1 мыӊ га.

Астана. 15 сәуір. Kazakhstan Today - 2015 жылдан бастап сарапшылардыӊ болжамы бойынша шегіртке зиянкестерініӊ таралу аумағыныӊ азаюы күтілуде, себебі олардыӊ таралуыныӊ шырқау шегі 2014 жылға келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Биыл үйірлі шегірткелердіӊ 3,8 млн. га жерде таралуы болжанып отыр, соныӊ ішінде итальяндық прус - 3,2 млн. га, азиялық шегіртке - 541,9 мыӊ га, марокко шегірткесі - 100,1 мыӊ га.

Шегірткелермен күресу іс шараларына республикалық бюджеттен 3,7 млрд. теӊге, соныӊ ішінде пестицидтер сатып алуға - 721 млн. теӊге және химиялық өӊдеу жүргізуге - 3 млрд. теӊге бөлініп отыр. Бүгінде конкурстар өткізіліп, пестицидтерді ұсынушылар, оларды сақтау, тасымалдау жұмыстарын орындаушылар және өӊдеу жұмыстарын жүргізушілер анықталды. Қазіргі кезде барлық ұсынушылар және жұмысты орындаушылармен келісім шарттар жасалуда.

2015 жылы үйірлі шегірткеніӊ таралу қауіпі жоғары 39,2 млн. га жерде мониторингтік тексеру жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Мониторингі жүргізу үшін ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті қосымша 437 маусым аралық анықтаушыларды жұмысқа тартып және арнайы техникаларды жалға алады. Штаттағы қызметкерлермен бірге анықтау жұмыстарына барлығы 1234 адам қатысады. Барлық анықтаушылар GPS-трекерлармен жабдықталған. Бұл құрылғы ақпаратты тез арада жолдау және анықтаушылардыӊ мекен-жайын анықтауға мүмкіндік береді.

Көрші елдермен арада мәселе туындатпау үшін, Қытай, Ресей, Өзбекістан және Қырғызстанмен шекаралас жерлерде шегірткелерді анықтау мақсатында және өӊдеу жұмыстарыныӊ тиімділігін білу үшін бірлескен тексеру жұмыстары жүргізіледі. Ир этап аяқталғаннан кейін бірлескен зерттеу актілермен хаттамалар әзірленетін болады.

2015 жылдыӊ ақпан айында Астрахань қаласында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігініӊ және Ресей Федерациясы Ауыл шаруашылығы министрлігініӊ мамандарыныӊ бірлескен кездесуі өткізілді. Осы кездесуде шекаралас жерлерде шегіртке зиянкестерініӊ дамуы мен таралуы, олардыӊ келер уақытта таралу болжамы туралы, сонымен қатар екі елдегі шегірткемен және басқа да зиянды организмдермен күресу шаралары туралы ақпарат алмастырылды. Сонымен бірге осы бағытта алдағы уақытта да бірлесіп жұмыс істеу мәселелері талқыланды.

Қазіргі кезде Оӊтүстік Қазақстан облысында марокко шегірткесіне қарсы аумақты зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны